Сунь Минмин
Үлгі:Спортшы Сунь Минмин (23 тамыз, 1983 жыл, Баянь округі, Хэйлунцзян ауылы) - қытайлық кәсіби баскетболшы. Қазіргі кезде «Бэйцзин Дакс» қытайлық клубының мүшесі болып табылады. Дүние жүзіндегі ең биік баскетболшылар қатарына кіреді - бойы 236 см, салмағы 168 кг. Бұдан басқа, Сунь кейбір фильмдерде түскен.
Карьерасы
Сунь Қытайдың Хэйлунцзян ауылында өмірге келді. Оның үлкен ағасы және апайы бар. Ол 15 жасқа келіп, бойы 2 метрге жеткенде, баскетболмен айналыса бастады. 2005 жылдың басында АҚШ-ға команда іздеп барады. Біраз уақыт өткен соң, ойыншының миында ісік бар екені белгілі болады, ал оның төлейтін еш ақшасы болмағандықтан, Суньның спорт агенті Чарлз Бонсиньор операция жасау үшін науқан жүргізіп, 2005 жылдың 26 қыркүйегінде Сунь Минмин ісіктен құтылады. Операциядан кейін Сунь АҚШ, Мексика, Жапония елдерінің командаларында ойнап, 2009 жылы Қытайға қайтып келеді де, 2012 жылы баскетболдан Қытайдың ең үздік ойыншысы атанады.