Судья тәуелсіздігінің кепілдіктері

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Судьяның тәуелсіздігі төмендегі жағдайларда:

  • сот төрелігін жүзеге асыруды заңда көзделген рәсімімен қарастырылуымен;
  • судьяның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне араласқаны, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандығы үшін заңда жауаптылық белгілеумен;
  • судьяға ешкімнің тиіспеуімен;
  • Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгіленген судьяны қызметке сайлау, тағайындау, судьяның өкілеттігін тоқтату және токтата тұру тәртібімен, судьяның өз еркімен лауазымынан кету құқығымен;
  • судьяларға мемлекет есебінен олардың мәртебесіне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым салу арқылы қамтамасыз етіледі.

Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қорғауында болады.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Stub:Заң

Үлгі:Суретсіз мақала