Судағы тасындылар мен түптік шөгінділерді бақылау

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Судағы тасындылар мен түптік шөгінділерді бақылау-судағы жүзбе тасындылардың сынамасын батометр көмегімен алынатын зерттеу жұмыстарының бастапқы кезеңі. Құрылымдық ерекшеліктеріне қарай батометрлер шапшаң толтырылатын және ұзақ уақытта толтырылатын болып екі түрге бөлінеді. Қазіргі кезде шапшаң толатын батометр, су лайлығын, ағыс лүпілін ескермейтіндіктен қолданылмайды. Ұзақ уақытта толатын түрлеріне сырыққа бекі- тілген батометр-шөлмек, жүкке орнатылған батометр—шөлмек және вакуумды батометрлер жатады.

Суды басқару принциптері

Суды басқару принциптері — Қазақстан Республикасындағы суды басқарудың су ресурстарын қорғау мен толықтыруды, су пайдаланудың оңтайлы шарттарын, айналадағы ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы бассейндік және әкімшілік-аумақтық принциптерді үйлестірудің негізінде жүзеге асырылуы. Су шаруашылығы-бассейндік принцип өзен, көл бассейндері және басқа да сутоғандар шөгінде әкімшілік-аумақтық бірліктер арасында су ресурстарын бөлу кезінде іске асырьшады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub