Субъект (жантану)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Субъект (Үлгі:Lang-la — бастауыш) — 1) Болмысты тану мен өзгертудің қайнары ретіндегі индивид немесе топ; белсенділікті жеткізуші. Субъект индивид немесе топ іс-әрекетті танудың және өңдеудің негізі ретінде; іс-әрекеттік белсенділіктің тасымалдаушысы. Барлық көріністерімен бірге идеализм субъектінің белсенділігінің қайнарын оның өзінде деп біледі. Ғылыми психологияның негізі делінген диалектикалық материализм субъектіні тарихи дамудың өнімі деп қарайды және оның белсенділігін адамдар қарекетінің ерекшеліктерімен байланыстырады. Осы қарекет процесінде объектінің нақты, іс жүзіндегі өзгеруі субъектінің қарекеті соған негізделіп реттелетін субъектідегі бейнелерге барабарлығының, болмысқа сәйкестігінің критерийі болып табылады;

  • 2) сараптауға қатысатын (өз еркімен немесе күйттеп) организм. Кей кезде бұл терминнің орнына басқа терминді қолдануға болады. Оның тарихи дәстүрлі себептері бар. Мысалы, бақылағыш термині психофизиологиялық зерттеулерде немесе интроспекциялық сараптауда субъектіні белгілеу үшін қолданылады. Сауалнама арқылы жүргізілетін зерттеулерде қолданылатын респондент медицинада — емделуші, психиатрияда және клиникалық психологияда емделуші клиент деген терминдер субъектіні білдіреді. Жалпы айтқанда, "Субъект" терминін кез келген зерттеуге қатысушыларды белгілеуге қолдануға болады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}