Суат Әуезбекұлы Әбусейітов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбусейітов Суат Әуезбекұлы,(4.11.1929, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 7.11.1992, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық артисі (1981). Алматы консерваториясын (А.М. Кургановтың класы бойынша) бітірген (1949). 194955 ж. “Қазақфильмде”, 1955 — 63 ж. Қазақ ән-би ансамблінде, 1963 жылдан Қазақтелевизиясы мен радиосының эстрадалық оркестрінде әнші болды. Әбусейітов әншілік өнерде өз орындаушылық мәнерін танытты. Оның орындауындағы “Екі жирен” немесе “Жеңеше” әндері ешбір әншіге ұқсамайтын бояу-нақысымен есте қалды. Әбусейітовтің репертуарында Қазақстан композиторларының “Тербеледі тың дала”, “Алатау”, “Баянауыл”, “Ауылым”, орыс классиктері П.И. Чайковскийдің, Н.А. Римский-Корсаковтың романстары болды. 1957 ж. Мәскеуде өткен Дүние жүзі жастары мен студенттері фестивалінің лауреаты. “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}