Стюарт (танк)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

M3 (Үлгі:Lang-en) - екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған америкалық жеңіл танк. Ол «Стюарт» деген атпен танымал. Бұл атауды танкіге Ұлыбритания жауынгерлері АҚШ – тағы азамат соғысының генералы Джеб Стюарттың құрметіне берілген болатын. «М3» танкісінің радиялды авиатциялық қозғалтқышы жоғары сапалы оқтан жанармайын талап етеді. Ал Кеңес Одағының танкілері дизиль пайдаланғандықтан, кеңестік жанармаймен қамтамасыз етушілерге қиыншылықтар туғызды.

Тарихы

«М3» 1938-1941 жылдары «М2» жеңіл танкісі негізінде құрылды. 1941-1944 жылдары «Стюарт» топтамасы шықты. Осы уақыт аралығында оның құрылымы өзгеріп отырыды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде «Стюартты» АҚШ жауынгерлері белсенді пайдаланды, сондай-ақ елеулі бөлігі Ұлыбританияға, КСРО мен Қытайға және Франция әскелерімен ЮХАК(Югославия халық азаттық күштері) елдеріне жеткізілді. Соғыстан кейін біраз ескірген, бірақ әлі де көп «Стюарт» танкілері көптеген мемлекетке сатылды. Тіпті 1990 жылға дейін олардың бірқатарының әскери қаруы сапында болды. «Стюарттың» тарихы бриттандық «6 тонналық Виккерс» танкісінен бастауға болады, Ол екі соғыс арасында әлемде ең көп тараған танк болып табылады. Дәл сол танкіге негізделіп 1933-1934 жылдары америкалық «Т5» танкісі жасалды. Ол Америкадағы таніклер топтамасының басы болды.

«М3/М5» танкілері негізінде 1941 жылдың қаңтарынан бастап «Т17» жеңіл танкісі жасалды. Ол ары қарай дамытылып, жетіле түседі деп жоспарланады. Бұл танк алдыңғы машиналардан барынша қалың бронмен ерекшеленеді. Бірақ оғанда 37 мм зеңбіректің оқ-дәрісі салынатын.

АҚШ әскерлері танкілерді ресми түрде «М3» жеңіл танкісі және «М5» жеңіл танкісі деп атаған.<ref>1100 қызықты деректер, Аруна баспасы 129 бет</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер