Стивенс заңы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Стивенс заңы — америкалық ғалым Стивенс ашқан формула, түйсік күшін тітіркендіргіштің физикалық қарқындылығының белгілі бір дәрежесімен байланыстырады. Стивенс заңын негіздеу үшін психологиялық-физиологиялық зерттеулердің мәліметтері қатыстырылады. Алайда, әдетте, психофизикалық өлшеулердің нәтижелері индивидуумдық тұрғыдан барынша өзгермелі болатындықтан, бұл заңмен анықталатын дәрежелік төуелділіктің Фехнер заңына қатысты артықшылығын бір мәнде дәлелдеуді қиындатады. (Вебер — Фихнер заңы). Стивенс заңы негізгі психофизикалық (Вебер-Фехнер ) заңының бір варианты, бұл заң стимул мен түйсік күшінің арасындағы қатысты логарифмикалық емес дәрежелік функционалдық тәуелділікпен болжайды: S=K х іn мұнда, S — түйсіктің күші, і — әсер етіп тұрған стимулдың шамасы, және К мен n - константалар (тұрақтылар).<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}