Статус (әлеуметтік психологияда)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Статус (әлеуметтік психологияда), (Үлгі:Lang-la— жағдай, күй) — субъектінің тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесіндегі оның құқықтарын, міндеттері мен мұрсаттылықтарын анықтайтын жағдайы. Сол бір ғана индивидтің өзінің әр түрлі топтарда әр қилы статусы болуы мүмкін. Топтық даму деңгейі жөнінен іс-әрекет пен қарым-қатынастың мазмұны жөнінен ерекшеленетін топтардағы индивид иеленетін статустардағы елеулі алшақтық екінің бірінде фрустрацияның, кикілжіңдердің және т.б. себептері болуы мүмкін. Эксперименттік тұрғыдан статус әр түрлі әлеуметтік-психологиялық әдістерді қолдану арқылы анықталады. Статустың маңызды сипаттамалары төңірегіндегілердің индивидтің сіңірген еңбегін тануының өзіндік бір өлшемі ретіндегі мәртебе мен бедел болып табылады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}