Станислав Станиславович Пестковский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Станислав Станиславович Пестковский (3.12.1882 жыл, Польша, Калишская губ. — 15.11.1943 жыл, Мәскеу) — қоғам қайраткері. Ұлты поляк.

  • Лодзь қаласындағы гимназияны, Лондон университетін бітірген.
  • Орыс, француз, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген.
  • 1905 — 06 жылдары Польша мен Литвадағы социал-демократтар жетекшілерінің бірі болды.
  • 1906 жылы саяси қызметі үшін тұтқындалып, каторгаға айдалды.
  • 1911 жылы Иркутск губерниясына жер аударылған, одан 1913 жылы қашып шығып, шетелге кетті.
  • 1914 — 17 жылдары Лондон большевиктік секциясының британ социал партиясының мүшесі болды.
  • 1917 жылы кәсіподақтардың Петроград орталықкеңесінің мүшесі болып, РСДЖ(б)П Петербург комитетінде және ОК хатшылығында қызмет етті, Петроград әскери революциялық комитетінің комиссары ретінде юнкерлер бүлігін басуға қатысты.
  • 1917 — 19 жылдары РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссарының орынбасары.
  • 1919 жылдың шілдесінен 1920 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақ революциялық комитетінің тұңғыш төрағасы, 1920 жылы РК(б)П Қырғыз (қазақ) бюросының төрағасы болды. Пестковский Қазақстанда жұмыс істеген кезінде Орынбор қаласы мен Орынбор облысын, солтүстік облыстардың Қазақстанның құрамына кіруіне ықпал етті, құрбан айт мейрамына рұқсат берілді.
  • 1921 жылы Польшамен шекараны белгілеу жөніндегі кеңестік орыс-украин делегациясының төрағасы.
  • 1922 жылдан партия және дипломат. жұмыстарда болды.
  • 1924 — 26 жылдары КСРО-ның Мексикадағы өкілетті өкілі. Коминтерн аппаратында жұмыс істеді. 30-жылдардың ортасында бірыңғай ғылыми жұмысқа көшті.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том.</ref><ref>Қазақстанның қазіргі заман тарихы (Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық) Б.Аяған, М.Шәймерденова</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Navbox {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Leaders CP of Kazakhstan


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Станислав Станиславович Пестковский|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}