Стамбекова Дәуітәлі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Стамбекова Дәуітәлі (1947 -1999) — Қарағанды облысы, Актоғай ауданы, Қоңырат ауылында туған.<ref> "Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89 </ref>. Еңбек жолын совхөзда қатардағы жұмысшы болып бастаған, 1968 жылы "Арқа еңбеккері" аудандық газетіне аға әдеби қызметкер болып орналасады. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1974 жылы тәмамдаған.

Республикалық "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетіне қызметке орналасады. Кейін республикалық "Қазақстан пиӨнері" газеті, "Жазушы" баспасында қызмет етті.

"Алтын бесік", "Мазасыз маусым", "Нүрлы әлем", "Революцияға рахмет", "Бұлақтар даланы аңсайды", "Жұмағым мен тамұғым" атты өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Б.Кенжеев, Б.Қанапияновтардың кітаптарын қазақ тіліне аударды.

"Жалын" баспасы мен Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап сауда істері жөніндегі мемлекеттік комитеті жариялаған жабық конкурстың бірнеше дүркін жүлдегері. Қаныш Сәтбаевтын 100 жылдығына орай өткен жыр мүшәйраның жеңімпазы.

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}