Спорт жарыстары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Спорт жарыстары, дене тәрбиесі жүйесіндегі педагогикалық процестің дене дамуының жан-жақтылығы мен еркі күшті шыныққан адамдарды тәрбиелеуге бағытталған шара. Алдына қойған мақсаты мен жеңімпаздарды анықтауға байланысты Спорт жарыстары былайша жіктеледі: жекелей есеп бойынша Спорт жарыстары қорытындысында қатысқан барлық спортшылардың орындары; жекелей-командалық есеп бойынша Спорт жарыстары жекелей нәтижелермен қатар, барлық командалардың алған орындары анықталады, командалық есеп бойынша тек қана командалардың алған орындары анықталады. Комплексті Спорт жарыстары бағдарламасына спорттың көптеген түрлері енген спартакиадалар, ойындар, универсиадалар да жатады. Олар: ресми чемпионаттар мен біріншіліктерде - ауданның, қаланың, облыстың, республиканың, құрлықтыңжәне Әлемнің чемпионы мен жеңімпаздарының (жас¬тар, жасөспірімдер арасында), жүлдегерлерінің атақтары сарапқа салынады; дәстүрлі Спорт жарыстары, мұнда тағайындалған жүлделер сарапқа салынады. Жолдастық немесе матчтық Спорт жарыстары алдын ала шақырылған командалар мен ұйымдардың құрамалары катысады, Спорт жарыстарына қатысушылардың спорттық дәрежелерін анықтау мақсатында өтеді.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Спорт жарыстары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}