Спорттық құрылыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет


Спорттық құрылыстар, спорттың әр түрінен жарыстарды және оқу-жаттығу сабақтарын өткізуді қамтамасыз ететін, әдейі салынып, жабдықтаған құрылыстар. Алғашқы спорттық құрылыстар деп ежелгі грек стадиондарын, палестраларды, стадиодромдары есептелінеді, олар Олимпия, Милет, Афины және өзге де қалаларда б.д.д. VIII гасырда салынған. Таң-ғажайып спорттық құрылыстар. Ежелгі Римде (Колизей, Ипподром және т.б.) өткеннің бұл сәулет ескерткіштерді және қазіргі уақытта да өзінің көлемі мен және әдемілігімен таңдандырады. Мысалы, Колизейдегі тастан жасалған трибуналарға 50 мың шамасындағы адам сыйып келеді, ал екі доңғалақты күймемен жарысуға арналған Ипподромның трибуналары 250 мың адамды сыйғызуы мүмкін. Колизей трибуналарының сопақша болып келуі қазіргі Еуропа стадиондары трибуналарының түп бейнесі секілді. Орта ғасырда католик шіркеуі Олимпиядалық ойындардың өткізілуіне рұқсат бермеді. Спорттық құрылыстар қиратылып және ұзақ уақыт бойы олардың құрылысы тоқтап қалды. Еуропаның әртүрлі елдерінде спорт құрылыстарын салуды қолға алу ісі, халықаралық спорттық байланыстардың дамуымен, қоғамдар мен спорттық құрылыстардың пайда болуымен байланысты, тек XIX ғасырдың аяғында ғана басталды. Спорттық құрылыстардың көбеюі мен жетілдіруі бәрінен бұрын олимпиядалық спорт ғимараттарын салуға әсер етті. Спорт құрылысын спорттың бір ғана түрімен шүғылданып және жарыс өткізу үшін жекелеген түріне және бірнеше спорт түрімен жаттығып және жарыс өткізу үшін қарастырылды. Көлемін жоспарлау құрылымы бойынша ашық және жабық деп бөлінді. Спорттық құрылыстың табиғи және жасанды жарық беру, оңтайлы микроклиматты, тиімді желдету үшін қажетті жабдықтарды болуы тиіс, жаттығу ететін орын мен өзге де бөлме, ғимараттардың санитарлық жағдайда ұсталуы, сондай-ақ құрал- жабдықтарға қойылатын талаптардың сақталуын қарау да қажет. Жүзу үшін судың айналуы, тазаруы және залалсыздандыру, сондай-ақ бөлменің дезинфекциялануы бойынша шаралардың орындалуы ерекше маңызға ие. Бұдан бөтен де дене тәрбиесі және спортпен шұғылданушылардың, қызмет көрсететін адамдардың да, жеке гигиенаның ережелерін сақтауы бақылауға алынады.

Қазіргі спорт стадиондары

Қазіргі спорт стадиондары, сұрыпталуына сәйкес: а) негізгі; ә)қосалқы; б) көрермендер үшін орынға бөлінеді. Негізгі құрылыстарына: 1. Ашық (кешенді және жеке). 2. жабық (кешенді және жеке) стадиондар жатады.



1. Ашық кешенді спорт құрылысына стадиондар (үлкен, орташа және кіші), спорт алаңдары және жүзу-есу стансалары жатады. Ашық жеке спорт құрылысына футбол алаңы, регби, қашақ,бейсбол, гандбол, ат поласы, допты хоккей, лақтырулар, гольф үшін, дене тәрбиесі шерулері, гимнастикалық өнер керсету және басқалар үшін алаңдар; волейбол, баскетбол, акробатика, бокс, күрес, ауыл атлетика, семсерлесу, атпен шабу, конькимен мәнерлеп сырғанау үшін, шайбалы хоккей, лапта, крикет, бадминтон, медицинбол, теннис және басқалар үшін алаңдар; жеңіл атлетикалық жүгіру жолдары, секірулер мен лақтыру үшін орындар, жүзу үшін жазғы бассейндер (табиғи және жасанды), өсу стансалары яхт-клубтар, жел- кенді және буэр, моторлы су стансалары, велотректер, велостансалар, мотоцикл тректері, автодромдар, атыс орындары, қалқандар, нысананы көздеп атуға арнайы жабдықталған орындар, шаңғы тұғыр-серіппелері (жаттығу және спорттық), шаңғы базаларын, альпинистік, туристік лагерлер, таудағы паналар, құтқару стансалары, мұз айдындары, коньки тебу жолда¬ры, шанамен сырғанау (скелтон және бобслей) жолы, көпшіліктің конькимен тебу үшін мұз айдын¬дары, шаңғы жолдарын, шаңгышылар үшін таудағы аспалы жолдар жатады.



2. Жабық кешенді спорт құрылыстарына спорт сарайлары мен залдары жатады. Қосалқы құрылыстар мен ғимараттарда дене тәрбиесі мен спорт бойынша жаттығулар, сондай-ақ спортшылар мен көрермендерді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар өткізіледі. Сондай ғимараттар мен бөлмелерге жататындар: вестюбильдер, гардеробтар, спортшылар мен нұсқаушылар үшін киініп-шешінетін бөлмелер, спортшылар мен бапкерлер үшін душ бөлмесі мен әжетхана, жалпы көпшілік пайдаланатын, сылап-сипайтын, дәрігерлік кабинеттер, бапкерлер мен нұсқаушылар бөлмесі, төрешілер белмесі, буфеті бар демалу белме¬лері, көрермендер ушін буфеттер мен мейрамханалар, жабдықтарды, снарядтар мен спорттық құралдарды сақтайтын қоймалар, спорт құрал-жабдықтарын жалға беретін, әкімшілік- шаруашылық ғимараттары, ди¬рекция, комендатура, полиция, кассалар, күзет, шеберханалар, гараждар, қазандықтар, сорғылар, телефон стансасы, радио торабы, радиотелехабарлар тарату үшін ғарышпен байланыс жасау арнасы, монтаждау бөлмесімен байланысқан комментаторлар кабиналары, трансфор¬матор орналасқан, шаруашылық жабдықтарын сақтау үшін бөл¬мелер (жабық жене жартылай жабық) санитарлық-техникалық жабдықтар сақталатын қоймалар және басқалар (хлораторлық, фильтрлер, кондиционерлер және т.б.), көрермендер үшін орын (трибуна). Барлық спорт ғимараттары пайдалануы бойынша олар негізгі төмендегідей топтарға бөлінеді: 1. мектеп жасына дейінгі балалар үшін дене тәрбиесі ғимараттары; 2. мектеп спорт құрылысы; 3. жоғары оқу орындарының, колледждердің, гимназиялардың, мектептердің, оқу орындарының; 4. өндірістік гимнастика үшін фабрика-заводтардың спорт құрылыстары; 5. клубтық-спорттық; 6. жалпы қалалық және муниципальдық; 7. шаруашылықтардың, фирмалардың; 8. ар¬найы спорт ғимараттары; 9. емдеу-дене тәрбиесі ғимараттары (жағажайлар, санаторийлер, курорттар, демалыс үйлері және т.б.). Жаңа қаланы жобалап, құрылысын салғанда және ескі қалаларды жаңартқанда жалпы қалалық маңыздағы спорт құрылысын салу қарастырылуға тиіс. Бұрыннан бар және жаңадан салынатын жекелеген барлық адамдарда қарапайым дене шынықтыру және ойын алаңдарын, 1 тұрғынға 0,5 - 2 м. келетін есеппен мектепке дейінгі бала¬лар үшін алаңдарды орналастыруды қарастыру талап етіледі. 25-30 мың халық тұратын түрғын аудандарда клубтар мен іргелес етіп стадион, сондай-ақ жүзу үшін ашық жүзу әуездерін салу керек. Әрбір қалалық ауданда, саябақпен көршілес етіп аудандық стадионның, ал ірі аудан¬дарда жүзу үшін жабық жүзу әуезі қарастырылуға тиіс. Балалардың спорт алаңдарын әрбір мектеп пен колледждер немесе аудандық саябақтарда, бауларда және балалар саябақтарында орналастыру қажет. Мектептер жанындағы тиісті мектеп алаңын жасау арнайы нұсқаулармен реттеледі. Осы нұсқауға сәйкес кез келген мектептің жер телімі осы телімнің көлемі мен шамасына байланысты 0,7-га дейін мектеп спорт алаңын оқушылардың өздерінің күшімен жасады. Әрбір осындай мектеп спорт алаңында ұзындығы 175 м-ден 333,33 м-ге дейінгі жеңіл атлетикалық жүгіру жолымен қоршалады доп ойнау үшін (волейбол, бас¬кетбол, футбол, лапта) орын бо¬лады. Осында секіретін және лақтыратын орындар, сондай-ақ гимнастикалық қалашық орналасады. Қыста спорт алаңына су құйылып, мұз айдыны қатырылады, мұздан кішігірім тау тұрғызылып мектептің спортзалы жаңа мектептің ғимаратында тұрғызылады

Спорт құрылысын салу үшін орынды таңдауға санитарлық- гигиеналық талаптарды сақтау және олардың дұрыс орналасуы өте маңызды. Әсіресе ашық түрдегі спорт құрылысы үшін ылғалды бойына жеткілікті сіңіре алатын жене қақ тұрмайтын, өзге ғимараттардың көлеңкесінде қалмайтындай, спорт құрылысы шаңнан, түтіннен, өндірістік кәсіпорындардың зиянды көздерінен және атмосфераның өзге де зиянды әсерлерінен қорғай алатын, қажетті санитарлық- қорғаныс аймағы бар телімдерден тұрақты жер таңдалып алынады. Спорт құрылысын салу үшін көгалы, жас көшеттері көп жерлердің артықшылығы бар. Ашық спорт құрылысы шекаралары ағаштардың және бұталардың көгалдандырылған алап стадион алып жатқан барлық аумақтың 30 % -дан кем болмайды. Спорт құрылыстың бағытталуы экваторлық (құрылыстың ұзын белдегі осі батыстан шығысқа қарай өтеді) және меридианға солтүстіктен оңтүстікке қарай өтеді. Жабық спорт құрылысын экваторлық етіп бағыттау ұсынылады. Бұл шұғылданатын негізгі ғимаратқа күн сәулесінің тура түсуіне кедергі келтіреді, көзді қарықтыратын жарықтан, сондай-ақ ауаның шамадан тыс қыздыруынан сақтайды. Бұл ретте солтүстік ендіктен 50° солтүстікке қарай орналасқан ғимараттың жаттығуға арналған негізгі бөлмелерінің терезесін оңтүстікке қарай, солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай 50° солтүстікке қарай бағытта орналастырған тиімді, ашық спорт құрылысының (стадиондар, алаңдар) үлкен осі меридианға бағыттаған жөн. Бұл кешкі уақытта шұғылдану мен жарыс өткізуге жақсы жағдай туғызады. Тұрақты жел соғатын жерлерде ашық спорт құрылысы, олардың ұзын осі жел соғатын бағытқа қарай перпендикулярлы болатындай етіп орналастырған тиімді. Спорт құрылысының жарығы - организмнің жоғары жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін және зақымданып, жарақат алудан сақтандыратын маңызды фактор. Жабық спорт құрылысқа табиғи жарық түсуі тиіс. Бұл ретте жаттығуға арналған негізгі бөлмелер терезелерінің әйнектелген жалпы жоғарғы беті еден аумағының бөлігінен кем болмауы тиіс. Спорт құрылысының жылыту, бәрінен бұрын, оларда шұғылданатын спортшыларды қалыпты температурамен қамтамасыз ететіндей микроклимат туғызу үшін, бөлмені бірқалыпты жене жеткілікті қыздыратындай болуы керек.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Спорттық құрылыстар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}