Спорттық медицина Қазақстанда

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Спорттық медицина Қазақстанда, дәрігерлік денешынықтыру бойынша ҚР денсаулық сақтау органдарының қызметі 1925 жылға дейін денсаулық сақтау жүйесінде дербес сақ тандыру саласы бола алған жоқ. 1926-27 жылдардан бастап спорттық медицина жеке тарау есебінде бөліне бастады және денсаулық сақтау тәннің жалпы бюджетіне енгізілді. Көрсетілген жылдары 5 қалада (Қызылорда, Семей, Ақтөбе, Алматы, Орал) антропометрикалық кабинеттер ашылды. 1927 жылы Қызылордада бірінші Бүкіл қазақстандық өлкелік мәжіліс болып, ол д/т бойынша тәжірибе алмасудың бастамасына айналды. "Дене тәрбиесі қозғалысының жағдайы және алдағы міндеттер" тақырыбындағы бағдарламалық баяндамада өсіп келе жатқан орга¬низм үшін д/т шұғылданудың үлкен маңызды екендігі атап көрсетілді және дәрігерлік денешынықтыру жұмыстарын күшейту, спорттық дәрігерлердің біліктілігін көтеру, губерниялық денсаулық басқармаларында ғана емес, сондай-ақ барлық үздік қалаларда, жұмысшы орталықтары мен ірі дәрігерлік ауруханалардың жанында дәрігерлік- бақылау кабинеттері желісін да¬мыту үшін денсаулық сақтау жүйесін қаржылауды көбейту туралы шешім қабылданды. 1932 жылы БКП(б) өлкелік комитеті д/т және спортпен шұғылданушыларды дәрігерлік бақылаумен толық қамтуға, облыстық денсаулық бөлімдеріне дәрігерлер бөлуде, барлық ірі өндірістік аудандарда басталған бір қызметкер жене оларда жабдықталған дәрігерлік кабинет ұстауға денсаулық сақтау халық комиссариатын міндеттеді. 1933-34 жылы Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімінде балалар мен жеткіншектердің денсаулығын сақтау секторы ұйымдастырылды, оқушыларға дәрігерлік бақылау жүргізу және спорттық шараларды медициналық-санитарлық жағынан қамту міндеті жүктелді. Алматы қаласында алғашқы дәрігерлік-денешынықтыру орталығы 6 бірліктегі штамппен 1948 жылы ұйымдастырылды және Денсаулық сақтау Министрлігінің емдеу-сақтандыру бөлімінің құрамына енді. Орталықтың бас дәрігері Галина Ивановна Акопян болды. Полина Романовна Ечина-Высоцкая Республикалық дәрігерлік-денешынықтыру диспансерін ширек ғасыр (1949-74) басқарды. Оның жұмыс уақытына дәрігерлік бақылау қызметі мен ЕДШ, кейін республиканың облыс орталықтарындағы диспансердің қалыптасуының білікті кадрлар дайындаудың күрделі кезеңі тап келді. Барлық спортшылар мен денешынықтырумен шұғылданушыларды диспансерлік есепке алу, кең көлемдегі мәдени-бұқаралық және ағарту жұмыстары оның тікелей қызметінен байланысты. Тұрақты дәрігерлік бақылау барысында республикалық диспансер диагностикалық және емдеу жәрдемін керсетеді, оқу-әдістемелік материалдарды дайындап, оларды өмірге енгізеді, мамандардың біліктілігін көтеруді жузеге асыруды, дәрігерлік бақылау, допингті бақылау, спортшылардың арнаулы тамағы, оларды қалыпқа келтіру және т.б. мәселелер жөніндегі ғылыми зерттеулерді орындауға қатысады. Республикалық Диспансер 2002 жылы спорттық медицина мен қалыпқа келтірудің республикалық орталығы болып қайта құрылды. Орталық барлық ұлттық құрама командаларды, ішкі және сыртқы спорттық жарыстардың, арнайы олимпиадаларды (мүгедектер, ардагерлер) қоса, дәрігерлік қамтылуын қамтамасыз етеді. Ол спорттық медицинаның халықар. бірлестіктің құрамына енетін ҚР спорттық медицина бірлестігімен ҚР ҰОК медициналық комисиясының негізі мекемесі болып табылады. Орталық қазіргі емдеу-диагностикалық аппаратуралар және құралдармен жабдықталған, барлық дәрігерлік салалар бойынша іс жүзіндегі арнайы кабинеттер жүйесіне емдеу-қалыпқа келтіру орталығына, тренажер- лык залдарға ие; жұмыста компьютерлік және ультрадыбысты диагностика, инерефлексті те¬рапия және магнитті терапия жене басқалар секілді алдыңғы қатарлы емдеу-диагностикалық технология қолданылады. Оның құрамында дәрігерлік бақылау бөлімі мен "Медеу" спорт кешеніндегі ЕДШ бар. ҚР Үкіметінің қаулысына сейкес Респ. диспансер ҚР ғылым академиясының тамақтану институтымен бірлесе отырып Орталық Азия айлағында бірінші болып спортшыларды допингтік бақылау зертханасын ұйымдастырды.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Спорттық медицина Қазақстанда|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}