Спелеотуризм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Piula Cave Pool, Upolu island, Samoa.jpg
Балалар үңгір маңында шомылуда

Спелеотуризмүңгірлерде,әр түрлі жер бедерінің күрделі лабиринттер жағдайында өтетін,үңгірлердегі төменгі температура мен жоғары салыстырмалы ылғалдылық жағдайындағы,табиғи жорықтың болуымен сипатталатын жұмыстарды ұйымдастыру.Кейбір үңгірлер түбінде жер асты көлдері мен жер үсті өзендері болады.Үңгірлер вертикальды және горизантальды болуы мүмкін.Өз бойында тау және су туризмі техникасы элементтері мен құрал-жабдықтарын біріктіреді. Сондықтан арнайы дайындықты талап етеді. Алынып жүрілетін құралдар да ерекше (фонарь,примус,рация,барометр т.б.).

Спелеотуризм бойынша маршруттар 2 бөлімнен: жер үсті маршруты, яғни үңгірге дейінгі жүру маршруты және жер асты маршрутынан тұрады.Көп жағдайда үңгір аймағында базалық лагерьлер құрылады.

Спелеотуризм ерекшеліктері

Спелеотуризм саяхаты өзіндік ерекшеліктерге ие.

Бірінші ерекшелігі – күндізгі жарықтың болмауы.Жер асты саяхатының ең басты қауіптілігі - қараңғылық.Жарық жоқ жерде қозғалу,бағытты бағдарлау қиындай түсетіні белгілі.Соның салдарынан шұңқырға немесе құдыққа құлап түсуге де болады.Мұндайға ұшырамау үшін саяхатшылар жарық сыйлар құралдарды өздерімен бірге алып жүрулері керек.

Екіншіден, үлкен үңгірлер ішке енетін жол тараптарының көптігімен күрделі,онда адаспай көздеген орынға жету тәжірибелі бастаушының өзіне де қиын соғуы мүмкін.Үңгірлер қираған кезде жоғарыдан және қабырғалардан еденге тас сылықтарының құлайтыны бар.Кейде олар сәл дірілдеп,тіпті қатты дауыстың өзінен-ақ үгітіледі.Жерасты саяхаты кезінде адамды тұншықтырар немесе жарылыс туғызар газдардың жиналып қалғанын кездестіруге болады.Жалпы үңгірлер сол жердің үстіндегі климатқа ұқсамайтын өзіндік климатқа ие.

Үңгірге түскен әрбір саяхатшы альпинистік тәсіл негіздерін,шыңға шығу әдістеріе игеріп,мұзды еңістерден аман өтуі,жүргенде қауіпсіздік ерекшеліктерін,т.б. сақтауы тиіс. Жерасты саяхатына және де онымен байланысты кездесетін қиындықтар әркімнен батылдықты,тапқырлықты,төзімділікті,тез әрі жақсы қағып алушылықты,денсаулығының мықты болуын талап етеді.Жерасты саяхатына кетіп бара жатып үңгірлердің қауіпті екендігін бір сәтке де ұмытуға болмайды.Ең алдымен біреу бақытсыздық жағдайға ұшырап қалса,оған қалай сырттай көмек көрсетудің шаралары,сондай-ақ саяхатшылардың үңгірден қашан оралатыны туралы күнібүгін бақылау мерзімі белгіленуі керек<ref>Мазбаев О.Б., Атейбеков Б.Н., Асубаев Б.К., «Туризм және өлкетану неіздері», Алматы: ҚазҰПУ, 2006ж.</ref>.

Спелеотуризмнің негізгі ерекщеліктері: жер асты маршруттардың қиындығы, ол үңгірлердің рельефінің сан қилылығымен (жер асты сулары, кішкентай жолдар, құдықтар және т.б.); ауа дымқылдылығы көрсеткішінің жоғары деңгейімен ( 100%-ға дейін) бұл өте төмен температурамен қоса, жарықтың болмауымен байланысты болады. Спелеотуризм адамнана аса көп күшті, төзімділікті, ұшқырлықты, жер астында еркін қозғалу және өмір сүру қабілетімен, жақсы жүзу және су астында жүзу (кейде аквалагпен жүзу қажет олған жағдайда), шыңға өрмелеу қасиетінің болуын қажетсінеді. Маршрут әдетте 2 бөліктен тұрады:жер асты және жер үсті. 1-ші бөлікті өту қиындығы мен талаптары ( жаяу, шаңғымен, қайық үстінде немесе өзге тәсіл арқылы), сонымен қатар ұзақтылығы үңгірдің орналасу жерінен, оның тұрғын аудандардан арақашықтығымен, жорықтар қиныдығымен, жыл мезгілімен және т.б. байланысты болады. Екінші бөлік қинышылығы үңгірдегі ауа жағдайымен және ұзақтылығымен байланысты болады. Арнайы дайындық пен техникалық құралдарды қажет ететін үңгілер 9 қиындық дәрежесіне бөлінеді: 1, 2А, 2Б, 3А, 3Б, 4А, 4Б, 5А, 5Б. Үңгірдің қиындық дәрежесін аңықтаудың негізгі критерийі болып оның ұзақтылығы, қиындығы және маршрут барысында кездесетін кедергілер көлемі болып табылады. Кедергілер ретінде құдықтар және кішкене тар жолдар болып келеді. Сонымен қатар, су және қар күйіндегі кедергілер де кездесіп жатады<ref name="source1">http://www.rusadventures.ru</ref>.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Спелеотуристік іс-шаралар

Спелеомектептер

Кеңес одағы кезінде спелеотуристер тұру орны бойынша ұсынылатын арнайы лагерьлерде оқытылып, ал кейін үңгір аудандарындағы спелеолагерьлерде оқуын жалғастырған еді.

Спелеоэкспедициялар

Спелеоэкспедициялар бірнеше үңгірлерді көрумен, бір танымал үңгірді көрумен немесе жаңадан ашылған үңгірлерді зерттеумен байланысты ұйымдастырылуы мүмкін. Спелеоэкспедициялар сонымен қатар, үңгірлер орналасқан аймақтар, саябақтар территориясында жалғасуы мүмкін. Ол үшін тек администрациядан рұқсат алу қажет болады.

Спелеотуризм КСРО-да

Спелеотуризм КСРО-да 60 ж. басында, Крым, Урал, Красноярск аймақтырмен бірдей уақытта пайда болды. 70 ж. басында Мәскеудің өзінде-ақ 10-ға жуық ресми спелеологиялық ұжымдар жұмыс істеді: 50 адамдай туристер клубының мүшесі болды ( оны "қалалық секция" деп атаған), осындай шамалы топтар Мәскеу мемлекеттік университетінде (МГУ) болды, қалған кішігірім топтар өзге көптеген жоғарғы оқу орындарында өз қызметін атқарды<ref name="source1">http://ru.wikipedia.org</ref>.

Дереккөздер

<references/>