Спектрлік талдау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Спектрлік талдау, зат құрамын сандық және сапалық жағынан анықтауда оның спектрлерін алу мен зерттеуге негізделген физикалық әдіс. Спектрлік талдаудың негізі – молекула және атомдар спектроскопиясы, оны талдау мақсаты және спектрлердің түрлері бойынша топтастырады. Атомдық спектрлік талдау үлгінің элементтік құрамын атомдық жұтылу және шағылу спектрлері бойынша; молек. Спектрлік талдау – заттың молекулалық құрамын молекулалық жұтылу спектрлері бойынша анықтайды. Эмиссиялық спектрлік талдау -сәуле шығарудан бастап микротолқындарға дейінгі диапазондағы электрмагниттік сәулелер арқылы қоздырылған атомдардың, иондар мен молекулалардың сәуле шығару спектріне негізделген. Абсорбциялық спектрлік талдау талданатын нысандардың (заттың атом, молекула, иондары) жұтылу спектрлері бойынша жүзеге асырылады. <ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>

Пайдаланған әдебиет

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Спектрлік талдау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}