Спагетти-вестерн

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалпы

Спагетти-вестерн - 1960-шы жылдары Италияда пайда болған вестерн-фильмдерінің жанры. 1960 және 1970 жылдарының аралығында шамамен 600 спагетти-вестерн түсірілген болатын. Көптеген кинолардың ландшафттары Испанияның және Италияның шөл далаларынаң алынған. Ол жерлер Америкалық батыстың кейпіне қатты ұқсағандықтан вестерн-режисерлер үшін өте қолайлы болды. Сонымен қатар, кино түсірілетін жерлерде Батыс Американың архитектурасына тән қалашықтар орнатылған. Бір қызығы кино өнеріндегі ең таңдаулы вестерн болып "Жақсы, жаман, жауыз" (итал. Il buono, il brutto, il cattivo) саналады ( IMDb сайтында 5-ші орын). Ал бұл - спагетти-вестерн.

Кең-танымал спагетти-вестерндер

  • «Бірнеше доллар үшін» (итал. Per un pugno di dollari)
  • «Біршама долларға көбірек» (итал. Per qualche dollaro in più)
  • «Жақсы, жаман, жауыз» (итал. Il buono, il brutto, il cattivo)
  • «Жабайы Батыста» (итал.C’era una volta il West)
  • «Джанго» (итал. Django)
  • «Үндемес» (итал. Il grande silenzio)
  • «Қаһарлы күндер» (итал. I giorni dell’ira)
  • «Ат үстінде мерт болу» (итал. Da uomo a uomo, ағылш. Death Rides a Horse)
  • «Бетпе бет»
  • «Құдай кешірер, ал мен - жоқ!» (итал. Dio perdona… io no!)
  • «Еркін Джанго» (ағылш. Django Unchained)

== Сыртқы сілтемелер