Соңғы ми

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Соңғы ми (конечный мозг); (лат. telencephalon) — сүйелді, күсті дене арқылы байланысқан екі жартышардан немесе үлкен ми сыңарларынан тұратын үлкен ми бөлігі. Әрбір үлкен ми бөлігі өз кезегінде: ми жабынынан, иіс миынан және олардың арасындағы жолақты денеден, ішіндегі бүйірлік ми қарыншасынан тұрады.

Ми жабыны жоғарғы сатыдағы сүтқоректі жануарларда, әсіресе адамда өте жақсы жетілген. Онда организмнің барлық тіршілік әрекетін реттейтін жоғарғы дәрежелі жүйке орталықтары орналасады. Ми жабыны милық сүрзаттан және ақзаттан тұрады. Сүрзат ми жабынының сыртында орналасып, үлкен ми қыртысын, ал ақзат оның ішкі жағында орын теуіп, өткізгіш жолдарды түзеді. Ми қыртысы сыртынан ішіне қарай алты қабаттан:

  • молекулалы
  • сыртқы дәнше
  • пирами- далы
  • ішкі дәнше
  • ганглионды
  • полиморфты нейроциггер қабаттарынан тұрады.

Ми қыртысының ақзаты миелинді жүйке талшықтарынан және олардың аралықтарындағы нейроглиядан құралған. Олар қызметі әр түрлі өткізгіш жолдарды (ассоциативтік, комиссуральды) түзеді. Жолақты денеде жоғарғы қыртысасты орта- лықтар орналасқан, бүйірлік ми қарыншалары қуыстарында ми сүйығы болады. Соңғы мидын иіс миы бөлігіне мүрын қуысынан иіс жүйкесі енеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Соңғы ми|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

pt:Cérebro