Соңғы көш (роман)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Соңғы көш. (роман-дилогия) Көрнекті қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің Шығыс Түркістан қазақтарының өмірінен жазылған «Соңғы көш» (1974-1981) роман-дилогиясы оқырман жұртшылыққа кеңінен танымал.

Қысқаша мазмұны. Бірінші кітап

Қ. Жұмадiлов –Шығыс Түркiстан халқының романдағы қамтылған кезеңдегi тартқан жәбiр-жапасы роман желiсiнде халық трагедиясы суреттеледі. Шығыс Түркiстан республикасы кетiп, Қытайдағы жаңа өкiмет армиясының Тарбағатай аймағына кiруiнен бастайды да, алпысыншы жылдардағы ел басына төнген зобалаңмен аяқтайды. Қанағат ауылы – жазушының өз ауылы, ақын жiгiт Естай жазушының өз прототипi болса, басқа да Шығыс Түркiстан республикасын көзiмен көрген, оның азаттығы жолында күрескен тағдырлас тiрi куәлар – өзiнiң күнделiктi көрiп жүрген араласқан адамдары.

« Соңғы көш» роман-дилогиясындағы образдар жүйесі

  • Естай-басты кейіпкер, Қанағат бидің ұлы
  • Қанағат би-Естайдың әкесі, әділ би, мектеп салдырды, әкесі мешіт салған.
  • Балжан бәйбіше-Естайдың анасы, елуге еркін іліне қоймаған, сұңғақ бойлы, нұр жүзді, сабырлы адам.
  • Нұрғазы- Қанағат бидің інісі, қырыққа келгенше сақал қоймаған, бет аузы жып-жылмағай
  • Ұзақ-Қанағаттың немере әпкесін алған, кәрі жезде
  • Әбілғазы-Жұмықтоғастың жүзбегі, сөзге жүйрік, заңшыл
  • Жақып ақсақал-сексенге таяп қалған,Қараменденің үлкені,еті қайтпаған, үйелмендей толық кісі. аппақ сақалы белуарына түскенқалың бурыл қасы көзін жауып тұратын, шойындай қара шал
  • Әкпар-жасы қырықтың ішін аралап кетсе де, бет аузына қылтанақ шықпаған қара сұр, көсе жігіт.
  • Шөншік- саудагер, мұртты, дүрдиген ерінді
  • Лан-ке-майор, Шыңжаңдағы Гомидаң армиясының бұрынғы әскері,Шығыс Түркістандағы ішкі істерді жүргізетін Саяси басқарманың бастығы
  • Дүрия- Естай ұнатқан қыз, Нұғыман байдың сұлу қызы
  • Жасыбай-Аймақтың бұрынғы уәлиі, соңғы бай.
  • Жолбарыс- Естайдың жолдасы, жауырыны қақпақтай, қол аяғы шомбал,білегінің бұлшық еті саптаяқтай бөлек жатыр, қайратты ұзын шашы таспадай таралып, желкесіне құлаған.Шегір көзді,төртбақ сары жігіт,туыс жұрағаттан жұрдай жалқы жігіт.

Романдағы елді мекен,жер-cу атаулары

Тарбағатай тауы, Майлы жайыр тауы, Орқашар биіктері, Арқарлы жазығы,Еміл өзені,Шәуешек, Шығыс Түркістан атауын жойып Шыңжаң "жаңа өлке" деп атаған, қазақтар "жамбыл" атаған Қытай қорғаны,Үрімжі,Қытай, Құлжа, Түркстан,Нұра

Роман-дилогиядағы тарихи оқиғалар

Соңғы көш» роман-дилогиясының негiзгi арқауы Ресей империясы Қазақстанды толық жаулап алғаннан кейiн (1731-1868), ата мекенiнен бiртiндеп қуыла бастаған қандастарымыздың ұзақ жылғы ауыр тағдыры, әсiресе XX ғасырдың басынан басталатын 16, 20, 32, 37 жылдардағы тұрмыс тауқыметi, аштық азабы т.б. тарихи ахуал;1950-1980 жылдары ҚХР-да ғана нақты-тарихи мазмұнда туындаған саяси науқандардың зардаптары; 1962 жылы жиырма күн iшiнде екi жүз мың адам бiр демде өте шыққан ұлы көш, шетелдегi қазақтар өмiрiнен жазылған Қ.Жұмадiловтiң «Соңғы көш» романында тарихи шындық суреттелді.

Роман-дилогиядағы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер

  • Есігіңнің алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең.
  • Итті иесімен қинасын.
  • Жақсыдан шарапат, жаманнан кесепат.
  • Қарынымның ашқанына жыламаймын, қадірімнің кеткеніне жылаймын.
  • Байсалды айғыр ат жақтайды, қу бас айғыр құлынын талайды.
  • Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледі.
  • Бас жарылса бөрік ішінде
  • Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын.
  • Бассыз үйдің иті ырылдақ
  • Балта көтергенше дөңбек жал табады.
  • Әке малы балаға мал болмайды.
  • Жаманға билік берсеңіз, ардақ тұтар асылды табанға салып илейді.
  • Шындық сынбайды, иіледі.
  • Жақсының кегі жібек орамал кепкенше
  • Тез қасында қисық ағаш жатпас.
  • Балықтың тілін бақа білер.
  • Дұшпанымыздың дұшпаны- біздің досымыз
  • Бала соққан кездіктің басы жарық.
  • Қартайғанда кәрі боз жорға шықты.

Дереккөздер

<references/> http://asyl-bilim.kz/load/p_nder/aza_debieti/abdesh_zh_madilov/10-1-0-202

  1. Мұқаш Қожахметұлы. Дәуіріміздің дарабоз жазушысы
  2. Зарлы шындық жыршысы
  3. Қабдеш Жұмаділов. Басынан қаратаудың көш келедi