Соңғылектік шығындар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Соңғылектік шығындар - Мұнай мен газды барлауға және өндіруге жұмсалатын, сол мұнай мен газдың сапасын есепке ала отырып анықталған шектік меншікті шығын мөлшері. Соңғылектік шығындар жайлы мәлімет кенорынды экономикалық тұрғыдан бағалау және геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін анықтау барысыңда пайдаланылады. Соңғылектік шығындар мөлшері шаруашылыққа мотор майының, отынның, парафиннің, таушайырдың, өзге де мұнайхимиялық және технологиялық шикізаттардың қажеттілік дәрежесін, сол сияқты энергетикалық отынмен қамтамасыз етуде қарамай мен газдың алатын үлес салмағын есепке ала отырып анықталады. Осыған сәйкес, соңғылектік шығындар мөлшеріне өнімдері шаруашылық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, алайда барлау және өндіру мәселелері экономикалық тұрғыдан ең тиімсіз кенорындарды игеру шығындары, сол сияқты газ бен мұнайды тасымалдау және мұнайды зауыттарда өңдеу шығындары кіргізіледі. Мұнай мен газдың сапасын сараптау шаралары жүргізілмеген жағдайда анықталған соңғылектік шығындар осы шығынды анықтаудың ең қарапайым тәсілі деп аталады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}