Сочи

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен Сочи — Ресей Федерациясындағы қала-курорт, Краснодар аймағындағы Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында (Ресейлік Қара теңіз жағалауы), Мәскеуден 1700 шақырым қашықтықта орналасқан. Красная Поляна қала типті ауылымен және Бас Кавказ Жотасының оңтүстік беткейлерінде орналасқан тұрғылықты пункттермен бірге Сочи қала-курорты муниципалдық құрылымын құрайды, бейресми атауы Үлкен Сочи. Ресей Федерациясының ең үлкен қала-курорты, маңызды транспорт желісі, сонымен қатар Қара теңіз жағалауының ірі экономикалық және мәдени орталығы болып табылады. Бейресми түрде Ресейдің жаздық, оңтүстік және курорттық «астанасы» деп аталады. 2012 жылы Forbes журналы Сочи қаласын Ресейдегі бизнес жүргізуге ең қолайлы қала деп атады. Сочи қаласының тұрғылықты халық саны – 399673 адам (2014), Сочи қала-курорты муниципалдық құрылымының – 473206 адам. Халық саны бойынша Сочи Оңтүстік федералдық округінде Ростов-на-Дону (1109835), Волгоград (1017985), Краснодар (805680), Астрахань (530863) қалаларынан кейін 5-ші орынды алады және Ресей бойынша 49-шы орын алады. Қара теңіз жағалауындағы қалалар арасында Одесса, Самсун қалаларынан кейін 3-ші орын алады. Сонымен қатар Ресейдің ең ұзын қаласы болып табылады. 2007 жылы Сочи XXII қысқы Олимпиада ойындарының астанасы болып таңдалды. 2009 жылы 15 қыркүйекте Сочи Олимпиадалық қалалардың әлемдік одағына мүше болып қабылданды. Олимпиадаға дайындық барысында қаланың және оның инфрақұрылымының дамуына 500 млрд рубль жұмсалды.

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сочи|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}