Сот атқарушысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сот атқарушысы – мүліктік қатынасқа байланысты сот шешімі мен өзге де орындаушылық құжаттарды мәжбүрлі түрде орындату міндеті жүктелген лауазымды тұлға. Заң бойынша орындаушылық құжаттарға аралық сот шешімі, еңбек даулары жөніндегі комиссия шешімі, нотариустың орындаушылық жазбасы, т.б. жатады. Сот атқарушысы орындау уақытын ұзартуға, қысқартуға, орындау тәртібі мен тәсілін өзгертуге, борышқорға іздеу салуға, оның мүлкін тәркілеуге құқылы. Сот атқарушысы орындаушылық қызметке жетекшілік ететін аумақтық аға сот атқарушысына бағынады. Сот атқарушысы қызметіне 20 жасқа толған, жоғары заң білімі бар, бұрын сотталмаған Қазақстан Республикасының азаматы орналаса алады. <ref> Қазақ энциклопедиясы</ref>

Пайдаланған сілтеме

<references/> 
{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сот атқарушысы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}