Соттық психологиялық сараптау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Соттық психологиялық сараптау - арнаулы психологиялық білімдердің қылмыстық процесте іс жүзінде қолданылуының басты нысандарының бірі. Тергеушінің қаулысы бойынша не соттың анықтауы бойынша қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес, психикалық тұрғыдан сау айыптаушыларға, куәгерлер мен жәбірленушілерге қатысты қолданылады. Соттық психологиялық сараптаудың жалпы пәні — қылмыстық істер бойынша ақиқатты анықтау үшін зерттелуі қажет психикалық қарекеттің ерекшеліктері. Соттық-психологиялық сараптаудың жекелей пәндері мыналар болуы мүмкін: айыпталушының қылмыс жасаған сәтте аффектіде болған болмағанын диагноздау, куәлардың және жәбірленушілердің (ең алдымен, балалардың) іс үшін маңызды жағдайларды дұрыс ұғынуға және олар туралы дұрыс айғақтар беруге принципті тұрғыдағы қабілеттілігі және т.б.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}