Сортөбе 1 (Савас) мекенжұрты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сортөбе 1 (Савас) мекенжұрты, XIII - XIV ғғ, (археол.). Темір стансасының оңтүстік-шығысында, 3 км жерде, теміржолдан 600 м қашықтықта. Географиялық координаттары 42T 456267 UTM 4739747.


Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының отряды 2005 жылы зерттеген (К. М. Байпақов., Д. А. Воякин). Қырдың солтүстік беткейінде орналасқан. "Алаңқайлы төбе" типтес ескерткіш. Сопақша келген төбе шығыстан батысқа созылып жатыр, көлемі 70x50 м. Орталық төбенің көлемі 30х25 м, жосыны шаршы тәріздес, алаңнан 1 м-ге биік Алаң төбеге батыс жағынан жапсарласады. Оның көлемі 50x40 м. Шығыс және оңтүстік жағында ор қазылған. Шығыс ор тереңірек, бұо ордың табанымен қара жол өткен. Төбенің бетінде күйген жерлер мен күл кездеседі. Мұнда қыштың көптеген сынықтары бар. Қыштың қалыңдығы 5 см. Орталық төбеде шұқыр қазылған. Оның айналасында қыш пен көзе сынықтары шашылған. Көзе сырланбаған, ашық түсті ангобпен көмкерілген. Ордың ар жағында, қырдың үстінде дөңделек келген, диаметрі 20 м, биіктігі 1 м оба бар.<ref>М.А. Антонов. Оңтүстік Қазақстан Облысы Тарих және Мәдениет ескерткіштерінің жинағы, Алматы, 2007</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер