Сол жақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

СОЛ ЖАҚ – киіз үй кеңістігінің дәстүрлі бөліктерінің бірі. Еуразиялық көшпелілердің (қазақ, моңғол, тыва, алтай, түрікмен, қарақалпақ, ноғай, қырғыз, т.б.) дуалистік дүниетанымы бойынша киіз үйдің іші екі бөлікке – ер және әйел (төрден қарағандағы оң және сол) жақтарына бөлінеді. Үй іші бөліктерінде отбасы және қоғам мүшелерінің әлеуметтік мәртебесі мен жас, жыныстық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан дәстүрлі орындары белгіленген. Сол жақта ыдыс-аяқ пен тағам қоятын асадал, сөре сияқты үй заттары мен бұйымдары тұратындықтан ол “қазан-аяқ жақ” деп те аталады. Осыған сай Сол жақ“әйелдер жағы”, яки әйелдер отыратын орын болып саналады. Ыдыс-аяқтардан жоғары үй иесі әйелінің төсегі орналасады. Үйге кіргенде ерлер өз жағы “оң жаққа” өтіп, әйелдер “сол жаққа” өтіп, жоғарыдан төмен жасына қарай отырады. Бұл бөлініс күнделікті тұрмыста, әсіресе, той мен ас беру сияқты, т.б. түрлі салтанатқа қатысушы көпшілік халық жиналғанда қатаң сақталып отырған.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>


Пайдаланылған cілтемелер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}



{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сол жақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}