Солшыл радикалды сана

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Солшыл радикалды сана - өткір әлеуметтік сынау мен қалыптасқан құрылысты түбірімен өзгертуге ұмтылатын көңіл-күйді білдіретін ұстанымдар, идеалдар, қағидалар жиынтығы, сана түрі. 1950 ж. "жаңа солшылдар" қозғалысы Англияда, кейінірек АҚШ-та пайда болды. Бұл қозғалыс өкілдері буржуазиялық тұтынушылық қоғамды қабылдаған жоқ. "Жаңа солшылдар" капиталистік құрылысты жақтаушы "оңшыл радикалдар" да, жұмысшы табы мен социал-демократтарды қорғаушы "ескі солшылдардан" да тез бөлініп кетті.

"Жаңа Солшылдар" - дамыған батыстық елдердегі зиялы қауым әкілдерінің, студенттердің, басқа да әлеуметтік жіктердің қозғалысының атауы. "Жаңа солшылдар" өздерінің идеологиялық тұғырнамасы ретінде "жаңа марксизмді" жариялады. Марксті Фрейд идеялары мен экзистенциализм рухында түсінді. "Жаңа солшылдар" қозғалысы осы жылдары күшті солшыл радикалды қозғалысқа айналды. Бірақ экстремизм мен лаңкестікке тартылуына байланысты, XX ғ. 70 жж. күйреуге ұшырады.

1960 ж. соңында АҚШ-тағы "жаңа солшылдардың" орнына мәдениетке қарсы солшыл радикализм бағыты қалыптасады. Мәдениетке қарсы бағыт "жаңа солшылдардың" да, "ескі солшылдардың" да ұстанымдарын радикалды емес деп жоққа шығарды. Мәдениетке қарсы бағыт қоғамның индустриалдық және постиндустриалдық түрлерін мойындаған жоқ. Олардың құндылықтары мен ұстанымдарын адамзатқа қарсы, адамгершілікке жатпайтын, демократияға қарсы деп жариялады. Зерттеуші Г.Маркузе сөзімен айтсақ, "ұлы бас тарту" бұл - революция, бірақ саяси емес, мәдени, "құндылықтар" революциясы. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Солшыл радикалды сана|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}