Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы – мәдени-ағарту мекемесі. 1989 ж. Петропавл қаласындағы бұрынғы тарихи-өлкетану мұражайының бейнелеу өнері бөлімі негізінде ашылды. Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайының коллекциясында Қазақстан, Армения, Ресей суретшілерінің графикалық, мүсіндемелік еңбектері және кескіндемелік шығармалары қойылған. Мұнда қазақ, орыс, украин халқының сән және қолданбалы өнер туындылары да (кесте, киім-кешек пен әшекейлер, әр алуан мыс, күміс, керамикалық бұйымдар, сан түрлі самаурындар, этногр. заттар, т.б.) жинақталған. 1992 ж. ашылған әдебиет бөлімінің экспонаттарының саны 2600-ге (жазушылардың жеке тұтынған заттары, қолжазбалары, фотографиялары, т.б.) жетті әрі бұл бөлім С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев, П.П. Ершов пен И.П. Шухов сынды жазушылардың осы өлкеге қатысты шығарм-н зерттеу жұмысымен айналысады. Мұражай қорындағы сақтаулы тұрған экспонаттардың жалпы саны 5 мыңға (1996) жуық. Мұражай орналасқан ғимарат (жалпы аум. 394,2 м2) 20 ғ-дың басында бой көтерген сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады.

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub