Солтүстік ынтымақтастық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Солтүстік ынтымақтастық - Солтүстік Еуропа мемлекеттерінің, Дания, Финляндия, Исландия, Норвегия, Швеция арасындағы өзара қарым-қатынас. Солтүстік ынтымақтастықтың заңдық негізін 1962 жылғы солтүстік ынтымақтастық туралы Хельсинск келісімі құрайды. Солтүстік ынтымақтастық екі мемлекетаралық ұйымдар шеңберінде дамуда - Солтүстік кеңес пен Солтүстік министрлер кеңесі.

Солтүстік кеңес - 1952 ж. әр түрлі шекара мәселелелерін талқылау форумы ретінде құрылған Солтүстік Еуропа мемлекеттерінің парламентаралық ынтымақтастық органы. Солтүстік кеңес құрылымына: Пленарлық ассамблея, Президиум, Президиум хатшылығы және түрақты комитеттер кіреді. Солтүстік кеңестің пленарлық ассамблеясы 87 мүшеден - Дания, Финляндия, Исландия, Норвегия, Швеция, сонымен бірге Гренландия, Фарер аралдары мен Аланд аралдарының парламент өкілдерінен тұрады. Президиум хатшылығы Стокгольмде (Швецияда) орналасқан.

Солтүстік министрлер кеңесі солтүстік елдер үкіметінің ынтымақтастық органы. Оның жүмысына солтүстік ел¬дер үкіметінің өкілдері, сонымен бірге Фарер аралдары, Гренландия әкімгершілігі мен Аланд аралдарының ай¬мақтық басқару органдарының өкілдері қатысады. Солтүстік министрлер кеңесі хатшылығы Копенгагенде (Данияда) орналасқан.

XXI ғ. басында солтүстік ынтымақтастық Еуропалық одақ және Еуропалық еркін сауда бірлестігінің мүше мем- лекеттері арасындағы Еуропалық эко¬номикалық кеңістік қызметінің ауқы- мында жүруде.

Дания, Финляндия, Швеция Еуропалық Одақ мүшелері, ал Исландия мен Норвегия Еуропалық еркін сауда бірлестігінің мүшелері. Мүндай қалыптасқан жағдайда Солтүстік ынтымақтастық көптеген бағыттары бойынша Еуропалық Одақтағы ережелерді қабылдауды білдіреді.

Солтүстік кеңес пен Солтүстік министрлер кеңесінің қызметі Еуропалық одақпен байланысты нығайтумен қатар, Балтық жағалауындағы елдер мен Ресей сияқты жаңа елдермен де қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Солтүстік ынтымақтастық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}