Соломон Р.Гуггенхейм мұражайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Соломон Р.Гуггенхейм мұражайы (Guggenheim Museum, Solomon R.)- Нью-Йорктегі мұражай, Соломон Р.Гуггенхейм жинаған заманауи өнер бұйымдарының топтамасы сақталған. <ref> "Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)</ref>.Ф.Л.Райттың «органикалық» архитектурасының үлгісі болып табылатын бұл ғимарат (1956-59 жылдары салынған) мұражай ғимараттарын құрылымдаудың көпшілік мақұлдаған дәстүрін бұзады.

Бұл тегіс, ештемемен безендірілмеген ақ бетонның шиыршықты орамы. Көрме залының жан-жағы ашық, шыны күмбезден жарық түсіретін, тот баспайтын болаттан жасалған тіректерден тұратын, биіктігі алты қабатты үй тәрізді болатын шиыршықты эстакададан тұрады.

Экспонаттар келушілерден тым алыста орналасқандықтан, көрме залы жиі сынға ұшырайды. Мұражайда 20 ғасырдағы еуропа суретінің бай топтамасы және 20 ғасырдың 2-ші жартысындағы американ суретінің топтамасы бар.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}