Сокольский Дмитрий Владимирович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сокольский Дмитрий Владимирович (4.4.1910, Пехлеви қаласы (Иран) – 1.3.1987, Алматы] – ғалым, профессор (1949). Қазақстан ҒА-ның академигі (1951), Қазақ КСР-інің ғылым қайраткері (1960). Социалистік Еңбек Ері (1969).Қазақстандағы катализдік химия ғылымы мектебін ұйымдастырған (19451971). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1934), аспирантурасын (1937) бітірген. 19371942 ж. қазіргі Қазақ ҰУ-де ғылыми қызметкер, 19451948 ж. Қазақстан ғылым академиясының Химия ғылымдары институты директорының орынбасары, 19511954 ж.Қазақстан ҒА-нда ғалым-хатшы, 19651973 ж. Қазақстан ҒА-ның бірінші вице-президенті, 19691987 жылдары Органикалық катализ және электрохимия институтының директоры болды. Негізгі ғылыми еңбектері каталитикалық гидрогендеу теориясы мен тиімділігі жоғары гидрлеу катализаторларын жасауға,гидратациялау, тотықтыру және кіші молекулалар негізінде синтездеу процестеріне, іргелі және қолданбалы ғылымды ұштастыруға арналған. Оның басқаруымен күрделі органикалық заттарды (майлар, хош иісті заттар, витаминдер, т.б.) талғамдап гидрлейтін, автокөліктер мен көптеген өнеркәсіпте кеңінен қолданылатын өндірістік катализаторлар жасалды. Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығын алған (1974). Екі рет Еңбек Қызыл Ту, Ленин, “Халықтар достығы”, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған. 1800-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 20 шетелдік патенті, 500-дей авторлық куәлігі және 18 монографиясы бар.

Шығармалары

  • Гидрирование в растворах, А-А., 1962, 1979; Теория герерогенного катализа, А-А., 1968; Оптимальные катализаторы
  • Гидрирование в растворах, А-А., 1970; Металлы-катализаторы гидрогенизаций, А-А., 1970; Катализ лигандами в водных растворах, А-А., 1972; Введение в теорию гетерогенного катализа, М., 1981.

<ref>"Қазақ энциклопедиясы" , 7 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтеме

http://thenews.kz/2010/04/01/305910.html {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}