Соколова Нина Степановна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Соколова Нина Степановна - 1931 жылы 26 наурызда Ресейде, Мәскеу облысында дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

Мәскеуде тұрып, сонда білім алған. 1950 жылдары Мәскеу полиграфиялық техникумын бітірген соң, жас маман ретінде Алматы қаласына жолдама алды.

Еңбек жолын Алматыдағы №2 баспаханада бастады. Теру цехының, түптеу цехының бастығы, ОТК бастығы, өндіріс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. Жұмыстан қол үзбей жүріп, 1965 жылы Мәскеу полиграфия институтын аяқтады.

1968 жылы ҚазКСР Мембаспакомының бұйрығымен №18 баспаханаға бас инженер болып ауысты. Осында 19 жыл табан аудармай еңбек етті. Өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарады, жеткен жетістіктерін өз еңбексүйгіштігінің жемісіне балайды. Өз еңбек жолында жаңа техниканы ендіруде ынталандырушы бола білді.

"Баспа үздігі» белгісімен, «Еңбек Ері» медалімен марапатталған. 1978 жылы құрметті демалысқа шықты.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}