Созылымдылық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Созылымдылық-призма тұрқылас немесе ине пішіндес кристалдардың, созыла шоғырланған түйірлердің, сүйірлене сопақшаланған кесектердің, тіпті шағын-шағын қатпар топшыларының бір-бірімен бойлас бағытта астасуы нәтижесінде таужыныстарда көрініс беретін құрылымдық элемент; "созылымды-жазықтықтық созылымдылық." және "созьшымды-бойлас Созылымдылық " болып екі тұрге бөлінеді. Сыптия мүсінденген кристалдар мен кристалл шоғырларының ұзын өстері магманың алғаш қабатталу немесе кристалдың жапсарласу жазықтығына бойлас бағытта қалыптасқан жағдайда созылымды-жазықтықтық Созылымдылық. пішіні көрініс беретін болады. Созылымды-бойлас Созылымдылық пішіндері бағдарлы жазықтықтармен сипатталады, бұларга баған немесе ине пішіңдес минералдардың, немесе ұршықтұрқылас шоғырлардың үйлесімді астасуы ғана тән.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}