Созылмалы фосфорлы улану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Созылмалы фосфорлы улану кезінде клиникалық белгілері ағзаның жеке мүшелер мен жүйелер жағынан арнайы болып табылмайды. Бірақ белгілердің жиынтығы улануды анықтау үшін толық болып табылады. Сонымен қатар удың әсері политропты сипатты көрсетеді. Бұл кезде ағзаның жеке жүйелерінің клиникалық белгілері кейбір ерекшіліктеріне улануға толық көңіл бөлу керек.

Өзгерістер

Асқазан-ішек жолының өзгерістері.

Гастралды патология фосфордың әсер етуінің бастапқы кезеңінде басталады. Жайылмалы гастрит дамиды, бұл кезде асқазанның жоғары дисталды кілегей бөлімдер зақымданады. Экзогенді және эндогенді зақымдану белгілері пайда болады. Асқазанның секреторлы және моторлы функциясы фазалы өзгеріс сипатын гипертониялық жағдайдан гипотоникалық жағдайға дейін анықтайды. Асқазанды эндоспиялық зерттегенде қабынулы, деструктивті өзгеріс қабатын анықтайды. Сақталған (жоғары) секрециялы науқастарда жайылмалы беткей гипертрофиялық анықталады. Бұл кезде кілегей қабатының биооксиді гастриттің атрофиясыз кездердің болуын көрсетеді. Төмен асқазан секрециясы бар науқастарда көбінесе атрофиялық гастрит сиреп кеткені анықталады. Эндоскопия және колоноскопияда керілгені кілегей қабатының әртүрлі өзгерісінің болуын көрсетеді. Беткейлі гастрит, гастрит атрофиясыз кездердің зақымдалуымен атрофиялы гастрит метоплазиямен. Кейбір жағдайларда эндоскопия бірен-саран анықталады, эрозия жалпақ түрде, тағы да ниша тәрізді симптомдар кешені болады. Көбінесе, жоғарыдағы көрсетілгендер асқазандағы өзгерістер рентген суретте де байқалады. Фосфорлы гастрит клиникасы ауырсыну синдромы және оның ұзақтығымен бөлектенеді.

Бауырдың өзгеруі.

Гепатит созылмалы фосфорлы улану синдромының негізгі, орталық бөлігі, өзінің клиникалық белгілеріне және ағымына «фосфорлы» гепатит көбінесе созылмалы өршімелі гепатитке жақын, бірақ оның ағымы активті (агрессивті формаға ие) айқын гепатомегалия болады және соңғы постнекротикалық ауыр циррозымен аяқталады. Ауру айқын абдоминалды және диспепсиялық симптоматикамен жүреді. Бұл кезде маңызды орынды айқын ауыру синдромы, бауыр көлемінің үлкеюі, пальпацияда қатты ауырсынуы өт жолдарының дискинетикалық бұзылуы алады. Бауырды қызметтік зерттеу нәтижесінде гепатоциттердің түсуі және бөліп шығару функциясы бұзылуы, белоктың алмасу солға жылжыған: Бөлек жағдайларда байқалмайтын гипербилурибинемия. Сарысулық ферменттердің активтігі жиі өзгереді. Сканографиялық зерттеуде бауырдың паренхимасының диффузды өзгеруі айқын.
Бауыр тірі кезіндегі биопсиясы диффузды ақуызды майлы лейкоциттердің дистрофиясын және кейде некротикалық өзгерістерді анықтауға көмектеседі. Токсикалық «фосфорлы» гепатит екі клиникалық нұсқада дамуы мүмкін.
1. Созылмалы фосфорлы уланудың негізгі белгілері. Ағзаның басқа мүшелермен жүйелерінің зақымдалуы симптомдарының болуы.
2. Жалғыз жеке нозологиялық форма ретінде фосфорлы этиологиялы кәсіби аурулар белгісіз қызметтік және органикалық басқа жүйелермен ағза өзгерісімен байланысты. Көбінесе клиникалық нұсқа кәсіби өтілі бар адамдарда немесе бұрын фосформен жіті уланғандарда кездеседі.

Жүрек-қантамыр жүйесінің өзгерістер

Жүрек-қантамыр жүйесінің өзгерістері 3-5 жылдан көп уақыт істеген адамдарда жүрек-қантамыр жүйесінде нейроцеркуляторлы дистония, лабельді пульс, қан қысымының тұрақсыздығы, кейіннен нейроциркулярлы дистония, гипертониялық, гипотониялық өзгерістер т.б. байқалады.

Жүйке жүйесінде болатын өзгерістер.

Фосфордың ағзаға бастапқы әсер ету кезеңінде жүйке жүйесі зақымданады, клиникалық түрде астеноневротикалық синдром және вегетативті тамырлы дисфункциямен байқалады. Бұл кезде аурулардың негізгі шағымдары әртүрлі сипатталады. Бас ауруға, бас айналуға айқын жалпы әліздікке жоғары тітіркенгіштікке және шаршағыштыққа, ұйқысының бұзылуына, аяқтардағы диффузды ауырсынуға шағымданады. Объективті тексергенде қызыл, ақ ревмографизм, жалпы гипергидроз немесе сіңір рефлекстерінің тежелуі, гиперестезия анықталады. Орталық жүйке жүйесінен шектелген зақымдану белгілері, науқастардың кейбір жағдайларда созылмалы фосформен уланудың айқын дәрежесі токсикалық энцефалопатия белгісіне ұқсайды.

Бүйректе болатын өзгерістер.

Бүйректі зерттеу жалпы және нефрон бөлікшелерінің қызметтік жағдайы созылмалы фосформен улану аурумен ауыратын адамдарда бүйректің концентрациялық және фильтрациялық функциясын және секреторлы-экскреторлы функциясы түтікше аппараты функциясының төмендеуіне алып келеді.

Тірек-қимыл аппаратында болатын өзгерістер.

Көбінесе науқастар аяқ-қолдың, жамбас сүйегінің, мойын және бел аймағында түнгі уақытта үнемі ұзақ ауырсынуға шағымданады, сонымен қол және аяқта бұлшықет және буындарда әлсіздік, жүргенде жайлап, өзіне сенімсіз қадам басады.
Рентгенологиялық көрініс сүйектердегі өзгерісті көрсете алмайды. Кейбір жағдайларда улану салдарынан айқындаған кезеңдерінде өзекшелі сүйектерде остеослероз перистозы, эндостозы, сүйек ми өзегінің тарылуы қайтадан сынуға алып келуі мүмкін.

Тыныс алу жүйесінде болатын өзгерістер.

Сыртқы тыныс алу жолының патологиясы фосфордың жергілікті әсер етуіне және шырышқа қосылуы нәтижесінен жалпы токсикалық белгіні көруімізге болады.
Науқастар мұрынның қышуына, сулы немесе шырышты бөлінділер, мұрыннан ағуына, мұрынмен тыныс алудың қиындауына, мұрын қуысында құрғақтық, мұрыннан қан кету, дауыстың гүрілдеуіне шағымданады. Объективті көргенде шырышты қабатта өзгерістер созылмалы катаралды, гипертрофиялы, субтрофикалы атрофия көрінеді.
Бұл ағзаның жалпы ауруы полисиндром және динамикалық клиникалық белгісімен сипатталады: фосфордың ағзаға әсер етуі артқан сайын және патологиялық үдеріс ары қарай дамыған сайын пайда бола бастайды. Клинико-қызметтік өзгерісіне, даму сатысына қарай 3 кезеңге бөлінеді.
I кезең. Бұл кезеңде ішкі ағзаларда функциясының бұзылуы байқалмайды. Көбінесе байқалатын клиникалық көрініс - асқазанның шырышты қабатының зақымдалуы және кинетикасы болып табылады. Сонымен қатар бауырда гепатиттің жеңіл түрі болады. Бұл вегетативті - нервті және жүрек-қантамыр, нейроциркулярлы дистония, жеңіл түрдегі астено-вегетативті синдром, эндокринді жүйенің қызметтік бұзылыстарымен қатар жүреді. Сыртқы тыныс алу жолынан катаралды, гипертрофиялық, субтрофиялық өзгерістер мұрын қуысында, жұтқыншақта байқалады. Сонымен науқас сүйектердің ауырсынуына, бұлшықет әлсіздігіне, потенцияның төмендеуіне шағымданады,
II кезең. Патологиялық өзгерістерді субъективті және объективті симптомдарды, мүшелерде болатын өзгерістерге қарап диагностикалаймыз. Гастриттің симптомдық кешені айқын байқалады. Эндоскопиялық зерттеулерде көптеген эрозия байқалады, яғни секреция төмендеген дегенде атрофиялық гастрит пайда болуы мүмкін. Гепотобилиарлық жүйе бойынша токсикалық гепатитті өршігенде клиникалық көрінісі активті формаға өтеді, гепатолизға ауысады, айқын ауырсыну синдромы, өт жолдарында дискенезиялық қозғалыс болады. Токсикалық миокардиодистрофияда фонокардиограммаға қарағанда ЭКГ өзгергенімен дәлелденеді. Жоғарғы тыныс алу жолдарында шырышты қабатта атрофиялық өзгерістері болады. Сүйек, бұлшықеттегі ауырсынулар шыдатпайтын күйде болады. Рентгенологиялық тәсілмен сүйектерде өзгеріс байқалмайды. Жыныстық қабілеті төмендейді.
III кезең. Мүше және жүйелердің патологиясы органодистрофиялық өзгеріске алып келеді. Ағзаның қажетті физиологиялық жүйесінің қайтымсыз ауыр күйге алып келеді. III кезеңде науқастың жағдайы нашарлап, ағзалар және жүйелердің функциясы нашарлап айқын байқалады. Тірек-қимыл жүйесінде сүйектердің сынуы байқалады. Сонымен уланудың бұл ауыр түріне ауыр агрессивті токсикалық гепатиттің бауыр циррозына айналуы, жүйке жүйесінде токсикалық энцефолопатия, психоорганикалық синдромына айналады. Бұл кезеңде барлық науқастардың жыныстық функциясының төмендеген деп толық санауға болады. III кезең науқасты толық мүгедікке алып келеді.

Емі.

Ішке қабылдаған кезде: калий перманганатының ерітіндісімен зонд арқылы асқазанды шаю (1:5000), 0,1-0,2% күкірт қышқыл сынап ерітіндісімен шаяды (фосфорлы сынаптан пленка түзіледі, ол фосфордың бір бөлігін жауып жатады, оның күйдіретін нәтижесін ескеру керек).
Бумен тыныс алған кезде - симптомды ем жүргізеді.
Теріге түскен кезде: зақымдалған терінің аймағын сол сәтте сумен шаю керек. Немесе зақымдалған қолды күкірт қышқылды магнезидің 5% ертіндісіне салып қою керек, содан кейін фосфордың барлық бөлшектерін марлыдан жасалған тампонмен немесе пинцетпен алып тастау керек. Сонымен қатар 3% сірке сутегінде қолдануға болады. Зақымдалған аймақтың дымдануы басылғанша қолды ертіндіде ұстау керек. Осы жерді қараңғыда қарау керек, сосын жанып тұрған аймақтарды пинцетпен алып тастау керек. Сосын калий перманганат ертіндісіне (1:1000) салынған ылғалды байламды салып қою керек. Майлы байламдар көрсетілмейді. Май, сүт, жұмыртқа, қызыл май көрсетілмеген (удың еруіне және сіңуіне әсер етеді).
Симптомды ем.
Гемодиализ.
Хирургиялық – жыланкөздер мен некроздалған сүйек массаларын алып тастау.<ref>«КӘСІПТІК АУРУЛАР» Бекмурзаева Э.Қ., Сейдахметова А.А., Сейдалиева Ф.М., Абдукаримова Ж.М., Умиралиева Г.А., Ибрагимова Р.Б., Садыкова Г.С., Қорғанбаева Х.Т., Байдуллаев Б.М., Азизова А.А., оқу құралы, Шымкент 2012 </ref>

Дереккөздер

<references />