Созақ шайқасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Созақ шайқасы , 1841 жылы қыркүйек айында болды. 1841 жылы қыркүйектің басында Кенесары Қасымұлы Кіші жүздің шөмекей, төртқара, табын руларынан жасақталған 4 мың адамдық қолымен Ташкентке бет алды. Бірақ, оның әскер арасында жұқпалы аурудың шығуы жолын біршама бөгеді. Алайда әскерінің екінші бөлігі Созақ, Жаңақорған,Жөлек, Ақмешіт қалаларын қоршауға алды. Әсіресе Созақ қамалы үшін қиян-кескі соғыс болды. Құжаттарда мынадай деректер сақталған: “Кенесары Созақты 18 күн бойы қоршауға алды. Қамал қабырғаларына шығу үшін ағаш сатылар жасалды. Кенесары Созақты және басқа да бекіністерді талқандап, айналасындағы Қоқанға бағынышты қазақтарды өзіне қосып, оларды Торғайға қарай көшуге мәжбүр етті”. Созақтың, бірнеше қамал мен бекіністің алынуы халық бұқарасының алдында Кенесарының беделін көтерді. Бұл жеңілістің нәтижесінде Қоқан хандығы Кенесарыға мәңгілік одақ құруды ұсынды. Бірақ, Кенесары бұдан бас тартып, қазақтарға тиісті жерлерді қайтарып беруді талап етті.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Созақ шайқасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}