Советхан Қалиғожин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалиғожин Советхан Жақыпұлы 1937 жылы 6 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданына қарасты Теректібұлақ ауылында өмірге келді.

Әкесі Қалиғожа Жақыпұлы ауылдық жерде шаруашылықты ұжымдастыруға ат салысып, ұжымшарда (колхоз) бригадир, есепші, бастық болады. 1941 жылы өз еркімен (броньмен қалтырылып колхозды басқарған) әскер қатарына алынып, Отан қорғау жолында қаза болады. Анасы Алтынша Салықшықызы Советханның 1,5 жасында қайтыс болады. Әке, шешесіз жетім қалған сәбиді апасы Бағжан бауырына салып, қамқорлыққа алады.

Советхан 1947 жылы ауылда ашылған бастауыш мектептің 1–ші сыныбына алынып, 1951 жылы осы мектептің 4–ші сыныбын үздік бітіреді. 1951–1952 оқу жылында Құйған мектеп–интернатына қабылданып,1957 жылы осы мектептің 10-шы сыныбын жақсы деген бағаға бітіріп, кәмелеттік аттестат алды. 1957 -1960 жылдары әскер қатарында Отан алдындағы борышын атқарды. Әскерден оралысымен Буденновка сегіз жылдық мектебіне дене тәрбиесі мұғалімдігіне қабылданды. Содан зейнеткерлікке шыққанға дейін мектепте істеді. 1961 жылы Семей қаласындағы Н. К. Крупская атындағы пединститутқа сырттай оқуға түсіп, тарих мамандығы бойынша жоғарғы білім алды. Халық ағарту саласында істеген 46 жылдың отыз жылдан астамы мектепті басқару жүйесін қамтыды. Жылытау сегізжылдық, Шірікаяқ, Құйған, Теректібұлақ орта мектептерінде директор боп істеді.

Әдіскер мұғалім. ҚР білім беру саласының үздігі. ҚР Білім Министрі мен Кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасының иегері. Облыстық, республикалық педагогикалық оқудың сан мәрте жеңімпазы. Күршім ауданының Құрметті азаматы.

Творчестволық іспен шұғылданады. Мерзімді баспасөз беттерінде елуден астам оқу–тәрбие жұмысының теориясы мен методикасына байланысты мақалалары жарық көрді. Ол ұсынған мектептің оқу–тәрбие жұмысының құрылымын ауданның бірқатар мектептері пайдаланып жүр. Ақын. Бірнеше кітаптың авторы.

Шығармалары:

  • Қалиғожин, Советхан. Тәрбие тарландарына тарту [Электрондық ресурс] : [Мұғалімдерге арналған көмекші құрал.] / С. Қалиғожин. - Өскемен : Реклама-Дайджест, 2010. - 220 б. с.
  • Қалиғожин, Советхан. Өрнектелді өлең боп өмірдің кейбір тұстары [Электрондық ресурс] / С. Қалиғожин. - Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2012. - 236 б. с.
  • Қалиғожин, Советхан. Барақ ауылы [Электрондық ресурс] : [Күршім ауданы Теректібұлақ ауылының тарихынан.] / С. Қалиғожин. - Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2013. - 135 б. с.
  • Қалиғожин, Советхан. Саңлақ [Электрондық ресурс] : [Облысқа танымал ардақты ұстаз, ақылгөй қария М. Шаяхметов туралы.] / С. Қалиғожин. - Алматы ; Жидебай : Халықаралық Абай клубы, 2012
  • Қалиғожин, Советхан. Күнгейлі Күршімім, көшбасшы Ұланым [Электрондыќ ресурс] : [Күршім , Ұлан аудандарының 80 жылдық мерейтойларына арналған жыр-дастандар.] / С. Қалиғожин. - Алматы : Арда, 2008. - 145 б. с.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер