Смирнов Василий Иванович
Смирнов Василий Иванович (11.2.1899,Ресей, Ярославль губерниясы Рожалова селосы — 2.7.1972, Свердловск қаласы (қазіргі Екатеринбург) — металлург, техника ғылымдарының докторы (1946), профессор(1983), Қазақстан ҒА-ның академигі (1954), Ресейдің еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1961). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) тау-кен институтын бітірген (1922). 1922 — 30 жылдары металлургия өнеркәсібінде басшылық қызметтер атқарды. 1930 жылдан Орал политех. ин-тында кафедра меңгерушісі, 1946 —1972 жылы Қазақстан ҒА Металлургия және кен байыту институтында директордың орынбасары болды. Негізгі ғылыми зерттеулері мыс өндірудің жаңа технология әдістерін табу, өндіріске енгізу, Орал мен Қазақстанның (Балқаш, Жезқазған металлургия комбинаттарында) металлургия кәсіпорындарын дамыту мәселелеріне арналған. Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
Еңбектері
Пирометаллургия меди, Свердловск, 1933; Отражательная плавка, М., 1952; Металлургия меди, М., 1974.
<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>
Пайдаланылған cілтемелер
<references/> Үлгі:Stub