Скарндық кенорындар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Скарн - метасоматоздық жолмен карбонат, кейде силикат тау жынысытар арасындағы интрузивтердің жапсарлық белдемінде жаралган карбонат-силикат құрамды тау жынысы. құрамында саны мен сапасы өнеркәсіптік талаптарға сай келетін құнды минералдың шикізат бар скарндар өзімен аттас - скарндық немесе жапсарлық-метасоматоздық пайдалы қазба кенорындары деп аталады. Интрузивтердің өзгеріске ұшыраған аумағындағы бөліктеріндегілер - эндоскарндар, ал сыйыстырушы тау жынысытарда орналасқандар - экзоскарндар деп бөлінеді. Мұндай тау жынысытардың көпшілігі интрузивтердің жапсары бойында орналасқандықтан , экзоскарндарға жатады. Кейбір скарн жатындары сыйыстырушы тау жынысытардың қабаттылық беттері арқылы интрузивтерден ондаған-жүздеген метрден 1-2 км-ге дейін алые орналасады. Ең қарқынды скарнжаралу орташа құрамды (гранодиорит, кварцты диорит, монцанит) интрузиялардың жапсарында және орташа тереңдіктеріндежүреді. Скарндық кенорындар қалыптасуына интрузиялардың жайпақ жапсары, тектоникалық бұзылыстар, олардың сыртқы және ішкі жапсарындағы қарқынды жарықшақталған белдемдер, сыйыстырушы тау жынысытар құрамының карбонаттылығы (әктас, доломит пен мергель) қолайлы факторлар болып табылады. Скарнжаралу метасоматоздық үдеріс ретінде көптеген жүқарган және делдиген бөлікшелерден түратын, метасоматоздық денелерге тән ирелең шекалары бар кен денелерінің пайда болуына әкеледі. Морфологиясы бойынша скарндық жатындардың мынадай типтері бөлінеді: қабатты және қабат тәрізді, линза тәрізді, шток, құбыр, желі мен желі тәрізді, ұя, күрделі тарамдалган денелер. Скарнның ұя тәрізді денелері кейде көлденеңінде бірнеше метрден асады, ңүбыр тәрізді және желілі денелер 1-1,5 километрге дейін созылуы мүмкін, қабат тәрізділердің қалыңдығы 100-150 м, ұзындығы 2-2,5 км болады. Скарндар интрузияларды сыйыстырушы тау жынысытардың құрамына байланысты әкті және магнезийлі (кейде сонымен қатар силикат скарндар бөлінеді) түрлерге бөлінеді. Скарндардың осы негізгі түрлеріне байланысты пайдалы қазба кенорындары бір-бірінен заттық құрамымен, өздеріне тән пайдалы қазбаларымен, сонымен қатар морфологиясы және жатые жағдайлары бойынша ажыратылады. Әкті скарндар әктастарды алмастыру арқылы қалып- тасады. Олардың басты минералдарына анартас (гроссуляр-андратит қатары) пен пироксен (диопсид-геденбергит қатары) жатады. Әкті скарндар құрамында маңызды орынды везувиан, волластонит, амфиболдар, эпидот, магнетит, кварц, карбонаттар иемденуі мүмкін. Әкті скарндар хром, сүрме мен сынаптан басқа барлық металдардың, сонымен қатар көптеген бейметалл пайдалы қазбалардын өнеркәсіптік кенорындарын сыйыстырады. Олардың жетекші рөл атқаратын кенорындарының типтері төменде қарастырылады.<ref>Пайдалы қазбалар. Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 440 б. ISBN 9965-35-411-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}