Сиқыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сиқыр —сиқыршылық, магия. Сиқыр қараңда ең алдымен Мысырға қатысты айтылады Мұсаның Фираун сиқыршыларымен және Вавилонмен жекпе - жегі әлденеше рет қайталанады. Вавилонның сиқыршылықпен байланысы туралы түсінік Жерорта теңізі мен Алдыңғы Азия аудандары үшін дәстүрлі ұғым. Ол туралы көне заман авторларында да, Тауратта да (Исаия), Оңтүстік Арабия тұрғындарының тіліндеғі түбірінің айтылу мәні де сиқыршылыққа барып тіреледі. Құран бойынша Сиқыр Пайғамбарлық қарсы тұрады және онымен үйлеспейді. Ол күнәһарлық деп жарияланған. Түптеп келгенде арабтың сиқыршылық практикасы кахим, шаир және мәжнүн деген терминдерімен байланыста дамиды. Мұхаммед (Сиқыра.у) жоғарыда айтылған терминдердің бірде-бірін бойына дарытқан жоқ. Өйткені оның алдына қойған мақсаты жоғарыда аталған терминдерден көп айырмашылығы бар еді. Құрандағы баяндауға қарағанда Аллаһ сиқырды екі періштеден төмендегі Вавилонға, Харут пен Марутқа жіберген. Ал олар мұны адамдарға ұсынуға тиіс болған. Сөйте тұра шынайы білімнің тек Аллаһтан тарайтыны, ал С-дың екінші кезектегі алдамшы нәрсе екені атап көрсетіледі. Сиқыр шайтанға тән, оны адамдарға үйрететін де сол.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub