Сиыр немесе қаруланбаған цепень

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Taenia saginata adult 5260 lores.jpg
Сиыр немесе қаруланбаған цепень

Сиыр немесе қаруланбаған цепень (Үлгі:Lang-la)- тениаринхоз ауруын қоздырушы паразит. Ересек күйінде адамдардың аш ішегінде паразиттік тіршілік етеді.

Морфофизикалық ерекшеліктері

Адамның ең ірі паразиттік құрты, оның ұзындығы 10-18м жетеді. Сколексінде 4 сорғышы болады, ал қармақшалары болмайды, сондықтан оларды қаруланбаған цепень деп атайды. Стробиланың орта бөлігіндегі гермафродит буылтықтарында 1 мыңға жуық көпіршіктенген аталық бездер кездеседі, аналық безі екі бөлімге бөлінген. Жетілген буылтықтарында жатыр жұмыртқаларымен толтырылып 17-35 бүйір өскіншелерінің пайда етуіне ықпалын тигізеді. Әрбір проглоттидадағы жұмыртқалар саны 175 мыңға жетеді. Бір жылда паразит 2500 проглоттида ішінде олар ұзақ уақыт өзгеріссіз сақталады.

Тіршілік циклы

Сиыр цепенінің түпкілікті қожайыны адам, ал аралық қожайыны ірі қара мал. Ірі қара мал шөп жегенде фекалиялардағы проглоттидаларды жұтады. Мал қарынында жұмыртқадан 6 қармақшалы онкосфера шығады да қан арқылы бүкіл денеге, соның ішінде қаңқа бұлшықеттерінде таралады. Бұл жерде олар цистицерк типтес финнаға айнаады. Адамдар шала пісірілген сиыр етін жегенде оны өздеріне жұқтырады.

Патогендік әсері

Ауру тениозға ұқсас, бірақ адамда финналық сатысы дамымайды. Бұл паразитті анықтау фекалияны микроскоппен зерттеу арқылы жүргізіледі.

Алдын алу шаралары

Жеке шаралар:

  1. піспеген сиыр етін жемеу;

Қоғамдық шаралар:

  1. тениозға ұқсас;

Дереккөздер

<references/>

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • "Медициналық биология және генетика"/Бас редактор С.А.Әбилаева, Е.О.Қуандықова- Алматы-Шымкент, 2004

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сиыр немесе қаруланбаған цепень|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}