Ситуациялық комедия
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ситуациялық комедия немесе қысқаша ситко́м (ағылш. situation comedy, sitcom) — негізгі кейіпкерлері тұрақты болып келетін және киноның әрекет ету орыны да тұрақты болатын комедиялық радио және телебағдарламалардың жиынтығы. Алғашында АҚШ-та 1920 жылдары пайда болған, 1970 жылдарға қарай ситком телехикаяларда өз бетінше бір жанр болып қалыптаса бастады. Телевизиялық ситкомдар үшін белгілі бір анықталған уақыт форматы айқындалған - әдетте ол титрлар мен жарнаманы қосқанда 20-30 минуттай болады.
Алғашқы ситкомдар көрермендер алдында студияда түсірілген, сондықтан ситком болғанда кадрдың сырт жағында күлкілі сәттерінде күлкілер естіледі.