Синтоизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Itsukushima torii angle.jpg
Ицукушима храмы

Синтоизм - [жапон. синто - құдайлар жолы] - Жапонияда кең тараған дін, табиғатты алғашқы қауымдық дәріптеуден туындаған рулық және тайпалық құдайларға табыну. 1868 жылдан 1945 жылға дейін мемлекеттік дін болған, оның негізін табиғат пен ата-баба құдайларына табыну құрады. Табынуды дамыту барысында шығармашылық бастау акті идеясы пайда болған, нәтижесінде күн құдайы Аматәрасу - синтоистік жоғарғы құдай пайда болған. Ал оның үрпағы Джиммутенно барлық жапон императорларының аңыздық бастауы болған.

Синтоизмде табиғатта өмір сүретін құдайлар мен рухтар бар. Осы рухтар кез келген қолдан жасалған затқа жан бітіруі мүмкін, сол зат табыну нысанына айналады. Синтоизм бойынша өмір мақсаты ата-бабалар идеалын жүзеге асыру, құдаймен рухани бірігу салт-жоралғылар мен сыйыну. Қазіргі заманғы Жапонияда синтоизм өз ұстанымын белгілі бір деңгейде сақтаған, ал оның жаңа секталары ұлттық ділді қалыптастыруға белсене атсалысуда. <ref>Саяши түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}