Синклер Льюис

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Синклер Льюис (1885 жыл 7 ақпан, Сок-Сентр, Миннесота - 1951 жыл 10 қаңтар, Рим) - американ жазушысы, әдебиет бойынша Нобель сыйлығын иеленген алғашқы американдық (1930).

Шығармашылығы

Жазушылық еңбегін журналистік қызметтен бастады. «Біздің Ренн мырза» (1914), «Қыранның самғауы» (1915), «Жұмыс» (1917) т.б. романдарын жазды. Льюистың жазушылық даңқын Америкаға, одан кейін бүкіл Еуропаға кеңінен жайған «Басты көше» романы (1920) болды. Мұнда американдық "мақтаулы өмір болмысының" құлдырау кезеңін үлкен шеберлікпен суреттеді. «Бэббит» (1922), «Эроусмит» (1925), «Энн Викерс» (1933), «Патша қаны» (1947) т.б. көптеген романдарында американ халқының басына түскен ауыртпалықты шынайы суреттеді. Оның шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне аударылған.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том</ref>

Дереккөздер

<references/>