Симфониялық музыка

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Симфониялық музыка симфониялық оркестрде орындауға арналған музыкалықықалық шығарма. С. м-ға хор, өнші-солистер қатысатын, алайда аспаптық жағы басым шығармаларда жатады. Симфониялық музыка деген түсінік жеке аспапқа немесе аспаптар мен оркестрге арналған шығармаларға да қолданылады. Симфониялық музыканың негізгі жанрлары: Симфония, увертюра (жеке концерттік пьеса немесе операға кіріспе), концерттер, сиюта, симфониялық поэма, фантазия, т.б. Сондай-ақ, Симфониялық музыкаға операның оркестрлік эпизодтары - симфониялық картиналар, интермеццо да жатады. 18 ғасырда симфониялық оркестрдің классикалық түрінің қалыптасуына байланысты Симфониялық музыка кеңінен дамыды. Оның негізін салған композиторлар Й.Гайдн, А.Моцарт, Л.В. Бетховен; олардың шығармашылық еңбегімен Сифониялық музыка жанры жан-жақты өріс алды. Қазақтың кәсіби музыкалықыкасының Симфониялық музыка жанрында Е.Г. Брусиловскггй, Е.Рахмадиев, Ғ.Жүбанова,С.Мұхамеджанов,Қ.Мусин, М.Қойшыбаев, Қ.Қожамияров, М.Сағатов, т.б. композиторлар жемісті еңбек етті.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}