Сеңкібай Оразғұлұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сеңкібай Оразғұлұлы (1709, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 1786, Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау жайлауы) – батыр, би. Орта жүз арғын ішінде болатқожа (қаракесек) руынан шыққан. Атасы Қожас батыр болған. Сеңкібай Бөгембай батырдың жасағы құрамында 1725 – 29 жылдары Алакөл, Шұбартеңіз, Бұланты-Білеуті, Аңырақай шайқастарында ерлігімен көзге түскен. Жоңғардың Ноян Қорек батырын жекпе-жекте жеңген. Сеңкібайды Абылай ханақиық сұңқарым” деп бағалаған. Ел арасындағы барымта, жер-су, жесір дауын әділдікпен шешкені үшін халық оны “Биата” атаған. Ұрпақтары 1993 жылы тамыз айында Сеңкібайға ас беріп, қабірінің басына ескерткіш орнатты. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сеңкібай Оразғұлұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}