Сеченов Иван Михайлович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Sechenov.jpg
Сеченов Иван Михайлович

Сеченов Иван Михайлович [1.(13).8.1829, Төменгі Новгород облысы Теплый Стан Сеченов Иван Михайлович — 2.(15).11.1905, Ресей, Мәскеу қаласы] — ойшыл материалист, орыс физиологиялық мектебінің іргесін қалаушы. Ол табиғаттанудың негізгі қағидаларын ғылыми тұрғыдан зерттеп, оның психологиялық ішкі мәнін ашты. Мәскеу университетін бітірген соң (1856), медициналық-хирургиялық академияға проффессор болып тағайындалды (1860), академияда Ресейдегі тұңғыш физиология лабораториясын ұйымдастырды. Бұдан кейін Новороссийск, Петербург, Мәскеу университеттерінде қызмет етті. Сеченовтің философиялық көзқарасы орыс төңкерісшіл-демократтарының ықпалымен қалыптасты. Петербург академиясының корр. мүшесі (1869), құрметті академик (1904). Сеченов ағза мен қоршаған ортаның тығыз байланысынан туатын өздігінен реттеу процестерінің мәнін ашты; бас ми орталығының ағза қимыл әрекеттерінің белсенділігіне тікелей әсерін тәжірибе арқылы анықтап берді. Орт. тежелуші жүйкелердің бүкіл ағзадағы қимыл-әрекеттерінің қызметін бағалап қана қоймай, оларды басқарып отыратынын дәлелдеді. Оның классик. “Бас миының рефлекстері” атты еңбегінде (1866) саналы және санасыз әрекеттердің негізінде рефлекс жататынын дәлелдеді. Сеченовтің рефлекс жөніндегі теориясының агностицизм мен субъективизмге қарсы күрестегі мәні зор. Сеченовтің аты Мәскеу медицина институтына (1955), КСРО ғылым академиясының Эвол. физиология және биохимиялық институтына берілді (1956).

Медицинаға қосқан үлесі

Иван Михайлович Сеченовты физиологияның атасы деп санайды. Қанда еріген газды алғаш рет зерттеген ғалым. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу үдерісін ашқан. 1863 жылы «Ми рефлекстері» еңбегін жарыққа шығарды.

<ref>Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сеченов Иван Михайлович|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}