Серік Әбдірайымұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серік Әбдірайымұлы (1943 жыл, Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылы - 2009 жыл) – публицист-жазушы, журналист, баспагер, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. <ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>.

Өмірбаяны

  • Еңбек жолын осында қатардағы құрылысшы, қарапайым тракторшы болып бастаған.
  • ҚазМУ-дың (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетті) журналистика факультетін бітірген (1968 жылы).
  • 1968 – 79 жылдары “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газеті редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болды.
  • 1979 – 86 жылдары “Өнер” баспасының Бас редакторы
  • 1986 – 90 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы партия тарихы институттындағы марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерін қазақ тілінде шығаратын Бас редакцияның меңгерушісі
  • 1990 жылдан “Санат” (1993 жылға дейін “Қазақ университеті” аталған) баспасының негізін қалап, өмірінің соңына дейін өзі негізін қалаған баспаның директоры қызметін абыроймен атқарды.

Аудармалары

Редакторлығы

Шығармалары

  • Жалынды жастық шақ. Эсселер, А., “Қазақстан”, 1974 жылы;
  • Еңбек Ері Ермеков. Повестъ, А., “Санат”, 2000 жылы.
  • Күнді көлегейлеуге болмайды.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Көзқарасы

Отбасы

  • Жұбайы - Бөпетаева Шарбан Жақыпқызы, зейнеткер.
  • Ұлдары - Халижан (1965 жылы туған ), экономист; Ернар (1967 жылы туған),заңгер;
  • қыздары - Гүлнар (1967 жылы туған ), филолог; Гүлмира Серікқызы Әбдірайымова (1972 жылы туған ), әлеуметтанушы, социология ғылымдарының докторы.
  • Немерелері -Ақдана (1991 жылы туған ); Нұрлайым (1993 жылы туған ); Димаш (1998 жылы туған ); Дінислам (1998 жылы туған ); Арлан (2001 жылы туған ); Мирас (2003 жылы туған ); Елдана (2003 жылы туған ), Әдия (2006 жылы туған ); Медет (2008 жылы туған ).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалығы, қаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}