Серік Қуандықұлы Ақшолақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Серік Қуандықұлы Ақшолақов (3 шілде 1952 жылы, Ақтөбе облысы Шалқарда туған) – қазақстандық нейрохирург дәрігері, ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның Еңбек Ері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Ұлттық Нейрохирургия орталығының президенті.

Жалпы мәлімметтер

Ақтөбе медицина институтытын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы, М.Оспанов атындағы) бітірген (1975 жылы). 1976 – 81 жылдары Ақтөбе облысы ауруханасында нейрохирург, 1981 – 89 жылдары Москва нейрохирургия ғылыми - зерттеу институтында клиникалық ординатор, аспирант, 1989 – 92 жылдары Алматыдағы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында нейрохирург, 1996 жылдан сонда кафедра меңгерушісі. Сонымен бірге 1992 жылдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау минстрлігінің бас нейрохирургі.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми - зерттеу жұмыстары бас миы ішінен және ми қабыршағынан болатын орталық жүйке жүйесі мен жұлын ісіктерін, бас сүйек - ми жарақаттарын емдеу мәселелеріне арналған. Ақшолақов нейрохирургиялық ауруларға қатысты барлық хирургиялық әдістерді өз іс - тәжірибесінде қолдана отырып, мидың ең күрделі саналатын базальдік бөлімдеріне, ми бағанасына, қарынша жүйесіне, ми тамырларына хирургиялық операция жасайды. 8 патент пен авторлық куәліктің иегері, 150-ден астам ғылыми еңбегі және 6 монографиясы жарық көрді. Ақшолақовтың жетекшелігімен 15 клиникалық ординатор дайындалып, 2 докторлық және 18 кандидаттық диссертация қорғалды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Марапаттары

  • 1998 жылы «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызыметкері» құрметті атағы;
  • 2001 жылы ҚР тұңғыш президенті - елбасының Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке алғыс хаты;
  • 2005 жылы Тәуелсіз «Платинды Бас Тарлан» сыйлығының лауреаты;
  • 2005 және 2007 жылдары ҚР тұңғыш президенті - елбасының Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке алғыс хаты;
  • 2008 жылы Дүниежүзі дәрігерлер ассоцасысының «Әлем дәрігері» құрметті атағымен марапаттады.
  • 2008 жылы Ресейдің « Н.И.Пирогова» атындағы сыйлығының лауреаты;
  • 2007 және 2009 жылдары «Жыл адамы – Алтын адам» сыйлығының иегері;
  • 2010 жылы президент қолынан «Парасат ордені» мен марапатталды.
  • 2011 жылы Республикалық нейрохирургтар конкурсының жеңілімпазы;
  • 2012 жылы «Асқақ Азамат» құрметті атағы;
  • 2013 жылы ғылым мен техника саласындағы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
  • 2015 жылы президент қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.
  • 2016 жылы 13 желтоқаснда ҚР тұңғыш президенті - елбасының Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен өз қолынан денсаулық сақтау саласындағы ерен еңбектері үшін жоғарғы айрықша белгідегі Қазақстанның Еңбек Ері алтын жұлдызды атағымен қосыла «Отан ордені» берілді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер