Серік Ғабдұлдұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серік Ғабдұлдұлы - 1937 жылы 17 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Шымқора ауылында дүниеге келген.

Сол ауылдағы С.Аманжолов атындағы орта мектепті бітіреді. 1966 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Отыз жылға таяу облыстық «Дидар» (бұрынғы «Коммунизм туы») газетінде журналистік жұмыс атқарады. Мамандығы — филолог.

  • 1991—1995 жылдары халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Шығыс Қазақстан облыстық үжымының төрағасы болып қызмет етті.
  • 2001 жылдан бері Өскеменде шығатын аймақтық әдеби-мәдени және қоғамдық «Ақ Ертіс» журналының Бас редакторы, Өскемен қаласында 1997 жылдан бері өзі ұйымдастырған жас ақындардың «Шабыт» мектебін басқарады.

Шығармалары

  • «Көктем лебі» (топтама 1975),
  • «Бұқтырма сарыны» (1978),
  • «Көктем — көкөрім шағым» (1982),
  • «Ақ босаға» (салт-дәстүр танымы, 1993),
  • «Жылдардай жеткен жаңғырық» (1995, очерктер жинағы),
  • «Сөйле, менің жүрегім» (1998),
  • «Алтай асу» (2003),
  • «Ұланғайыр» (2003) жыр жинақтары жарық көрді.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}