Серік Шәңгерейұлы Орынбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серік Шәңгерейұлы Орынбаев 1960 жылы 22 желтоқсанда Ақтөбе облысы Саралжың ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Орынбаөв Шәңгерей, зейнеткер, бухгалтер болып жұмыс істеген. Анасы - Бүркітәлина Майра, зейнеткер, тұтынушылар кооперациясының қызметкері болған. Целиноград қаржы-экономикалық техникумын (1983); Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау-экономикалық факультетін экономист мамандығы бойы ша (1989) бітірген. Қазақ, орыс және неміс (сөздікпен) тілдерін біледі. 1977 жылдан - «Ақтөбеүйқұрылыс» тресінің құрылысты механикаландыру басқармасында құрылыс машиналарын жөндеудің слесары (Ақтөбе). 1978 жылдан - Ақтөбе есеп-бухгалтер мектебінің оқушысы. 1979-1981 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1983 жылдан - Ақтөбе қаласы Фрунзе аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер жөніндегі аға экономисі. 1985 жылдан - Ақтөбе қаласы Фрунзе аудандық қаржы бөлімі мем- лекеттік кірістер инспекциясы меңгерушісінің орынбасары, бастығы. 1986 жылдан - ҚазКСР-і қаржы министрлігі Ақтөбе облысы Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушысы, тексерушісі. 1989 жылдан - Ақтөбе облыстық қаржы басқармасы халық шаруашылығын қаржылан- дыру бөлімінің бастығы. 1991 жылдың мамырынан қараша- сынан дейін - «БатысҚазэнерго» ӨБ еңбек және еңбекақы бөлімінің бастығы. 1991 жылдың қарашасынан - Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің болжамдау және талдауэконо- микасы бөлімінің бастығы. 1993 жылдан - Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің бюджет бөлімі меңгерушісінің орынбаса- ры, бастығы. 1995 жылдан - Ақтөбе облысы қаржы полициясы органдарында қызмет еткен. 1998 жылдан - «АТЭЦ» АҚ экономика жөніндегі вице-президенті. 1999 жылдан - Батыс Қазақстан экономика және қаржы институтының экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры (Ақтөбе). 2000 жылдан - Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі Ақтөбе облыстық қаржылық бақылау комитеті басқарма бастығының орынбасары. 2002 жылдан - Облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары (Ақтөбе). 2005 жылдан - Ақтөбе облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры. 2006 жылдың қыркүйегінен - Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі. 2006 жылдың қазанынан - Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімі. 2008 жылдан бері - Ақтөбе облысы Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы. Әскери атағы - ефрейтор. Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Гүлдену, қауіпсіздік және бүкіл Қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсартуы». Хоббиі - балық аулау, суда жүзу, аңшылық. Сүйіп оқитын әдебиеті - көркем, ғылыми-танымдықәдебиет. Үйленген. Жұбайы - Орынбаева Бақытжамал Ғазизқызы, бухгалтер. Ұлдары - Орынбаев Ербол (1982 жылы туған), Орынбаев Нұрбол (1985 жылы туған), Орынбаев Ержан (1990 жылы туған).

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}