Серік Серғалиұлы Тәшенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серік Серғалиұлы Тәшенов - 1948 жылы 16 қарашада Көкшетау облысы, Айыртау ауданының, Комаровка ауылында туған. Қазақ. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1971), ғалым-агроном. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

  • 1966 жылдан - Целиноград ауыл шаруашылығы институтының студенті.
  • 1971 жылдан - Көкшетау облысы Уәлиханов ауданының «Комсомол» кеңшарының №1 бөлімшесінің агрономы.
  • 1972 жылдан - Көкшетау облысы Володар ауданының «Карасевский» кеңшарының №3 бөлімшесінің агрономы, тұқым өсіруші-агрономы.
  • 1977 жылдан - Көкшетау облысы Володар ауданы «Қаратал» кеңшарының бас агрономы.
  • 1983 жылдан - Көкшетау облысы Володар ауданының «Сырымбет» кеңшарының директоры.
  • 1990 жылдан - Көкшетау облысы Ленин ауданының Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
  • 1995 жылдың қаңтарынан - Көкшетау облысы Айыртау ауданының Ауыл шаруашылығы басқармасының бас инженер-инспекторы.
  • 1995 жылдың желтоқсанынан - Көкшетау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жетекші маманы, 1996 жылдан - маркетинг және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бастығы, 1997 жылдан - жер шаруашылығы жөніндегі бастықтың орынбасары (Көкшетау қаласы).
  • 1997 жылдың шілдесінен - СҚО Уәлиханов аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, СҚО Уәлиханов ауданы әкімінің бірінші орынбасары.
  • 2004 жылдан - СҚО әкімінің Жер шаруашылығы және жер қатынастары департаменті бастығының бірінші орынбасары.
  • 2006 жылдың сәуірінен бері - Солтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. «Тың жерлерді игергені үшін», «Ерен еңбегі үшін» (2006),

«Астананың 10 жылдығы» (2008), «Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы», 1-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» медальдарымен марапатталған.

Діни көзқарасы - дәстүрлі ұстанымдар.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бәсекеге қабілетті экономикасы бар, қоғамдағы тұрақтылығы және Қазақстандықтардың ауқатты тұрмысы қамтамасыз етілген өркенді Қазақстан».
Хоббиі - саятшылық.
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Тәшенова Ғалия Саквальдқызы (1952 жылы туған). Қыздары - Тәшенова Айнаш Серікқызы (1973 жылы туған), Тәшенова Әлия Серікқызы (1987 жылы туған); ұлдары - Тәшенов Ербол Серікұлы (1975 жылы туған), Тәшенов Руслан Серікұлы (1981 жылы туған).

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}