Серік Сағидоллаұлы Жұбандықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серік Сағидоллаұлы Жұбандықов

1952 жылы 23 шілдеде Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында туған. Қазақ.

Анасы-Жақыпова Коңыртай Нұрғалиқызы, зейнеткер, мектеп директоры болған.

Ленинград кинорежиссерлер институтының дыбыстехникасы факультетін бітірген (1974), дыбыс режиссері.

Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.

1974 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясының дыбыс цехының инженері. 1975 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1976 жылдан - ҚазКСР Мемкино кино-өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері, бөлім бастығы. 1980 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясының өндіріс жөніндегі директорының орынбасары. 1982 жылдан - ҚазКСР киноөндірісі бөлімінің бастығы. 1988 жылдан - «Қазкинодеталь» ӨБ бас инженері. 1992жылдан-«Қазақкино» концерні төрағасының орынбасары. 1995жылдан - «Қазақкинопрокат» ӨБ бас директоры. 1998 жылдан -«Еуразия» I Халықаралық кинофөстивалі бас директорының орынбасары. 2002 жылдан - «Көшпенділер» киножобасының директоры, қосымша қызметте атқарушы продюсері.2005 жылдан - «Еуразия» II Халықаралық кинофестивалі бас директорының орынбасары. 2005 жылдан - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қаржы директоры.

2008 жылдан бері - Ұлттық продюсерлік орталықтың атқарушы директоры.

«Тот, кто нежнее», «Казнь после смерти», «Омпа», «Көшпелілер» кинофильмдерінің продюсері.

«Кардиограмма», «Шұға» кинофильмдеріне түскен.

ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2002). КСРО кинематографиясының үздігі (1980).

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тұрақтылық».

Хоббиі - балық аулау.

Үйленген. Жұбайы -Жұбандықова Ләйлә, «Ново-Нордиск» өкілеттілігінің жетекшісі. Ұлы - Дияр (1976 жылы туған); қызы -Дина (1983 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub